Тұздыбастау ауылының амбулатория ұжымында Конституциялық реформа талқыланды
Талғар ауданындағы Тұздыбастау ауылының амбулаториясының медицина қызметкерлерімен өткен кездесуде жаңа Конституция жобасының саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған нормалары түсіндірілді.
Коалиция мүшелері болашақ бір палаталы Құрылтайдың 52-бапқа сәйкес заң шығару билігін жүзеге асыратынын және оның толық құрамы пропорционалды сайлау жүйесі арқылы қалыптастырылатынын айтты.
«Президент депутаттарды тағайындау құқығынан айырылады, ал заң шығару билігі толықтай сайланған өкілдерге тиесілі болады. Бұл – билік тармақтарының теңгерімін нығайтатын маңызды қадам», – деді коалиция мүшесі Сулейменов Айдын.
Медицина қызметкерлері реформаның құқықтық маңызын атап өтті





