Четверг, 12 Марта 2026

Коалиция мүшелері Көктөбе атындағы мектеп ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері Көктөбе  атындағы мектеп ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе ауылындағы Көктөбе атындағы орта мектептің педагогикалық ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа редакцияда Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екені нақты әрі айқын бекітілетінін атап өтті. Азаматтардың заңда белгіленген тәртіппен ақы алынбай медициналық көмек алуға құқығы сақталатыны, әлеуметтік міндеттемелердің конституциялық деңгейде нақтыланатыны түсіндірілді.

«Жаңа Конституция әлеуметтік кепілдіктерді қысқартуға емес, оларды нақты әрі құқықтық тұрғыдан айқындауға бағытталған. Әлеуметтік мемлекет қағидаты – декларация емес, бюджет пен заңнамалық міндеттемелер арқылы қамтамасыз етілетін нақты норма. Бұл – азаматтардың денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы құқықтарының сақталуының құқықтық кепілі», – деді коалиция мүшесі Байтулақов Асыл.

Ұжым өкілдері жаңа Конституция жобасының мазмұнына қатысты пікір білдіріп, референдумға қатысуға ниетті екендерін жеткізді.

Другие новости

Коалиция мүшелері Көктөбе  атындағы мектеп ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері Көктөбе атындағы мектеп ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  12.03.2026   78
Коалиция мүшелері Төле би орта мектебінде кездесу өткізді

Коалиция мүшелері Төле би орта мектебінде кездесу өткізді

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  12.03.2026   77
Тұздыбастау ауылының амбулатория ұжымында Конституциялық реформа талқыланды

Тұздыбастау ауылының амбулатория ұжымында Конституциялық реформа талқыланды

Талғар ауданындағы Тұздыбастау ауылының амбулатори...

  12.03.2026   57
В поддержку национального достояния

В поддержку национального достояния

В Уйгурском районе раскинулся известный всему миру...

  12.03.2026   96
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.