Понедельник, 30 Марта 2026

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА ЖАҢА ҚОҚЫС ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ САЛЫНАТЫН БОЛАДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА ЖАҢА ҚОҚЫС ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ САЛЫНАТЫН БОЛАДЫ

Бүгінде Алматы облысы әкімінің орынбасары Н.Құдайбергенов бастаған бір топ делегаттар: Қонаев қаласының әкімі Н. Құматаев, Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев, Алматы облысы экология департаменті, «Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы», «Алматы облыстық сәулет және қалақұрылыс басқармасы» өкілдері, Түркия елінде іс сапармен жүр.

Іс-сапардың негізігі мақсаты екі ел арасындағы кәсіпкерлік ынтымақтастық аясында облысымызға инвестиция тарту, достық қарым-қатынасты нығайту, Алматы облысы, Қонаев қаласымен, Іле ауданының туризім саласын дамыту бойынша келіссөздер жүргізбек.

Алғашқы күнде делегеттарымыз Түркия елінің бірнеше көшбасшы ірі кәсіпорындарын аралады. Құрметті қонақтар алдымен трамвай өндіруші «Durmazlar Holding» компаниясына ат басын тіреп,  зауыттың тыныс тіршілігімен танысты. Өздеріңізге белгілі Алматы облысы, соның ішінде Іле ауданының агломерциясы өзгеріп, индустриалды - инновациялық жасыл зоналарымызға инвестиция тартылуы көзделіп отырғаны белгілі. Осы орайда, облыс орталығы Қонаев қаласының құрылыс, өндіріс ошақтарының жылдам дамуына сәйкес, кездесу барасында облысымызға ауырмашина жасау және өндіру бойынша келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде жаңа облысымыздың аумағына компания басшылығы зауыт салуға ниетті екенін жеткізді.

Келесі  Бурса қаласының сауда - өнеркәсіп палатасының басқарма төрағасы Ибрагим Буркая қжәне басқарма мүшелерімен кездесіп, панелдік радиатор шығаратын «Warmhaus» компаниясына келді. Зауытты аралап шыққан делегаттарға компания басшылары  аталған саланы дамытудың перспективті бағыттарын айқындап берді. Кездесу барысында облысымызда салынғалы жатқан жаңа қаланың жобасы жайлы мәлімет беріліп, бейнеролик арқылы таныстырылды. Дөңгелек үстел ұйымдастырылып, Алматы облысына инвестиция тарту жобасы талқыланды.

Келер жылы осы мәселе бойынша Түркия елінен облысымызға ірі компания өкілдері келіп инвестиция жобасын тағы бір мәрте пысықтамақ. Біздің елдің кәсіпкерлерімен кездесіп болашақта өзара ынтымақтастықта жұмыс атқаруға келісіп, өнеркәсіп саласын қолдайтындарында атап өтті. Сондай-ақ, туризм саласы – ел экономикасының қарқынды салаларының бірі болғандықтан, «Алматы облыстық сәулет және қалақұрылыс басқармасы» өкілдері туризім бағытындағы Түркияның жетекші компания мамандарымен қала құрлысының жобалау, жоспарлау мәселелеріне тоқталып, ақылдасты.

Іс-сапардың екінші жартысында делегаттар ең негізгі мәселеге тоқталды. Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында қоқысты қайта өңдеу зауыты салынуы бойынша жұмыстар атқарылуда. Облысымыздың өнеркәсіп көлемі артқан сайын болашақта қоқыс шығару және оны өңдеу үлкен мәселе болатыны белгілі. Осы мәселенің алдын алу мақсатында делегаттардың алға қойған мақсаты түркиялық қоқысты қайта өңдеу «INEVA» зауытына барып жұмысымен етене танысу, қоқысты қайта өңдеу және тазарту қондырғылары және электр энергиясын өндіру және жылу жүйелерінің жұмыстарын көру.

Зауыттың ерекшелігі дүниежүзілік экологиялық талаптары нөлдік эмиссияға сай. Қоқысты жәй ғана өртеу емес, арнайы реактор құрылғысы арқылы газ  қалпына келтіріп, газды өртеп, содан шыққан парды генераторға қосып энергия бөліп шығарады. Энергияны жаппай өндіріске қолдануға болады.  Болашақта осы жобаны Алматы облысының аймағында жаңа зауыт салу бойынша отандық «Taza Alem» және «INEVA» компаниясы арасында келісім шарт жасалды.

Другие новости

Яркие грани Наурыза

Яркие грани Наурыза

В этом году Наурыз в Алматинской области развернул...

  27.03.2026   229
Ключи от новой жизни

Ключи от новой жизни

22 семьи в дни Наурыза обрели то, чего ждали годам...

  27.03.2026   226
Digital Qazaqstan 2026: участники ЕМПС ознакомились с достижениями цифровой индустрии Казахстана

Digital Qazaqstan 2026: участники ЕМПС ознакомились с достижениями цифровой индустрии Казахстана

В Шымкенте главы правительств стран-участниц и гос...

  27.03.2026   221
Digital Qazaqstan 2026: ЕҮАК қатысушылары Қазақстанның цифрлық индустриясы жетістіктерімен танысты

Digital Qazaqstan 2026: ЕҮАК қатысушылары Қазақстанның цифрлық индустриясы жетістіктерімен танысты

Шымкентте ЕАЭО-ға қатысушы елдердің және бақылаушы...

  27.03.2026   193
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.