Суббота, 27 Июля 2024

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА...

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА...

Өткен аптаның сенбісі күні «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында аудан орталығындағы «Сүндетбай болыс» саябағында аудан әкімі Азат Құтпанбетовтың қатысуымен ағаш көшеттері отырғызылды.
Аталмыш акция аясында ұйымдастырылған сенбілікке аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық Ардагерлер кеңесі, мекемеұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, ауыл тұрғындары атсалысты.
Сенбілік барысында Бақанас ауылы бойынша 1250 түп ағаш көшеттері отырғызылса, оның 50-і қылқан жапырақты.
Аудан көлемінде ұйымдастырылған іс-шараға ауылдық округ тұрғындары жаппай қатысып, көшелерді күл-қоқыстан тазартты.
Дана халқымызда «Атадан мал қалғанша тал қалсын!» деген тәмсіл бар. Ата-бабамыздан мирас болған ұлы даланың жасыл желегін бүгінгі жас ұрпақ күтіп ұстап, көзінің қарашығындай сақтағаны абзал.
Сондықтан да туған өлкемізді жасыл желекке бөлеп, тазалығын сақтау – баршамызға ортақ іс екенін әсте естен шығармайық. Ауламызды, көшемізді таза ұстайық, ағайын!

Өз тілшімізден.

Другие новости

Равные возможности  для целеустремленных

Равные возможности для целеустремленных

На днях департамент Агентства РК по делам государс...

  26.07.2024   83
Важен комплексный подход

Важен комплексный подход

Аким области Марат Султангазиев на днях заслушал д...

  26.07.2024   83
Мы готовы к взаимовыгодному  сотрудничеству

Мы готовы к взаимовыгодному сотрудничеству

Аким Алматинской области Марат Султангазиев встрет...

  26.07.2024   68
Ащибулак будет с водой

Ащибулак будет с водой

С наступлением лета жители некоторых сел Алматинск...

  26.07.2024   97
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.