Пятница, 26 Июля 2024

Дін мен дәстүр — қазақ мәдениетінің қаймағы!

Дін мен дәстүр — қазақ мәдениетінің қаймағы!

Шығысында өр Алтайдан бастап, батысында кең жайылған Еділге дейін, ал құбыласында Самарқанның Жиделібайсынынан бастап, теріскейінде Төменнің ойпатына дейінгі сайын даланы мекен еткен қазақ халқы бір тілде сөйлеп, бір дін ұстанып, бір дәстүр аясында бір ауыз сөзге тоқтай білген халық еді. Керей мен Жәнібек бастаған қазақ батырларының ұлан-ғайыр қасиетті жерімізді найзаның ұшымен, білектің күшімен, маңдай тері арқылы аманат етіп жеткізіп еді-ау қазіргі ұрпаққа. Кезінде «Ұлан-ғайыр атырап — Ертіс пен Еділдің, Арқа мен Атыраудың арасы қазақтың алтын бесік ата жұрты. Әгәрәки, кім де кім осынау қасиетті жерімізге көз алартып, шырқымызды бұзар болса, өз қанына өзін тұншықтырарымызды біліп қойғаны абзал. Төсекте басымыз қосылмаса да, төскейде малымыз қосылған қай көршімізге де айтарымыз осы. «Дос болғанға құшағы ашық туыспыз, қас қылғанға қиып түсер қылышпыз», - деп қазақтың рухын көтерген Абылай хан атамыз өз сөзін осылай аяқтаған екен. Шығар амалы болмағандықтан орыстың патша өкіметінің құзырына өтіп, жан сауғалауға тура келген заманды өткеріп, артынша 70 жылдық Кеңес дәуірін де басынан кешкен қазағым небір нәубетті басынан өткізді-ау?!  Соның салдарынан «сынықтан басқаның бәрі жұғады» дегендей, діні мен тілі бөлек халықтармен бір шаңырақ астында тіршілік еткен қазағым, енді болмағанда, діні мен тілінен, салты мен дәстүрінен айырылуға сәл-ақ қалды. 
Қош! «Жыртық үйдің де Құдайы бар» дегендей, ескі ғасырды есіркетіп, жаңа ғасырды жарылқатып, Алла тағала қазақ жұртына егемендікті соғыс-қырғынсыз нәсіп қылды. Алайда, «Алтынның қолда барда қадірі жоқ» дегендей, егемендіктің қадірін онша түсінбегендіктен, «ағыс сарынымен жүре берсек, көш жүре түзеледі» деп ойлап, бұл мәселеге мән бермей жүргенімізге бақандай отыз жыл өтіп кетіпті. Уақыттың ысырабы бір басқа, майдаланған мінезімізбен өз дініміз бен дәстүрімізді алшақ қойып, басқалардың мәдениетіне елеңдейтін тәріздіміз. Қай салаға қарасаң да Еуропаны үстем қойып, содан үлгі алуға тырысып жатады. Әрине, қазіргі дамыған заманда шет елдердің озық тәжірибелерін бойымызға сіңіріп, оза шабу заман талабы. Алайда - дінсіздердің бір тиындық құны жоқ мәдениетіне қызығып, өз дініміз бен дәстүрімізді, тіліміз бен мәдениетімізді ұмыт қалдыру үлкен күнә. 
Мәдениет демекші, біле-білсек, мәдениеттің негізгі бөлігі, ол - дін мен діл, салт пен сана, дәстүр мен тіл. Ықылым заманнан Қазақ жұрты діні мен ділі, дәстүрі мен тілі жоқ емес, бар әрі нық қалыптасқан ел. Ата-бабамыздан мұра болып қалған  нағыз мәдениетімізге бір сәт көз жүгіртіп көрейікші! 
Қазақ халқына әдептілік, сыпайылық тәрбиедегі басты ұстанымдардың бірі болған. Халқымыздағы кішіпейілділіктің бір көрінісі, ол - үлкенді сыйлау. Дәстүрімізде әйелдер де күйеулерінің атын атамай, «отағасы», «әкесі» деп сыпайы сөйлеген. Үлкен кісілердің алдарынан кесіп өтпеген. Сондай-ақ, үй иесі жоқ кезде бөгде адамның үйге түсуіне  рұқсат етілмеген. Қонақжайлық - қазақтардың ежелгі қасиеті. Үйге келген қонақ әрқашан үй иесінің қамқорлығы мен қорғауында болады. Оларға арналған сый-сияпат алдын ала дайын тұрған. Сол себепті мейман күту қазақтың мәдени заңына айналған. Жалпы, қазақ халқында сақталған әдептілік дәрістерінен нағыз мұсылман ұстанымының көрінісін көреміз. Солардың бірі - дастарханда отыру, тамақтану әдебі. Дастарханға отырғанда Алланың атын ауызға алып, тамақты табақтың жақын жерінен оң қолмен алып жеу - ата-бабадан келе жатқан дәстүрлі әдеп. «Ұлық болсаң, кішік бол» деп, қандай лауазымда болса да қара жұрттан бөлектенбеуге, менмендікке бой алдырмауға насихат еткен халқымыз әрдайым бетегеден биік, жусаннан аласа, орташа, қарапайым жолды қадірлеген. Өз нәсібін арам жолмен емес, адал кәсіп арқылы табу - абыройдың үлкені әрі тіршілігін азанымен ертерек тұрып бастау ежелден қалыптасқан үрдіс. Қазақ халқы туыстық қарым-қатынасты ерекше бағалай білетін ел. Тіпті, туыстық қарым-қатынасты дәл қазақтай сақтайтын ел әлемде кем де кем. «Ағайын тату болса - ат көп, абысын тату болса - ас көп» деп, ағайын арасындағы татулықтың сақталуын қоғам бірлігінің алғышартттарын тұжырған. Киім кигенде ер адамдар намазға ыңғайлы шапан, әйелдеріміз жабық киім киіп, орамал таққан. Қазақ қыздарының қос етек көйлегінің өзі осының дәлелі емес пе?!  Қазақ даласының мызғымас мәдениеті, міне, осындай болатын. 
Қазіргі таңда жастарымыздың басым көпшілігі ғаламторда көрсетілгеннің бәріне сеніп, сырттағылардың неше түрлі сорақы үрдістеріне еліктеп жүргені аз болғандай, үлкендеріміз оларға тоқтау салудың орнына, жаңадан әртүрлі шариғатқа сыймайтын ысырапшыл үрдістер ойлап тауып, «мақтаншақтық - байдың малын шашады, кедейдің артын ашадының» кейпінде жүр. Оған дәлел ретінде бір ғана мысал жетеді. Жастарды үйлендіру үшін басым көпшілігіміз «елден ұят болмасын» деп, әртүрлі ойын-сауық, мейрамхана мен әшекей, киім-кешек, тағы сол сияқты болмашы нәрселерге жұмсау үшін миллиондап несие аламыз. Сонан соң, жігіттің мойнына - бір несие, қыздың мойнына және бір несие ілеміз-дағы, «бақытты болыңдар!» деп тілек айтамыз. Алайда олар бақытты болу үшін әуелі несиеден құтылу керек емес пе?  «Дос жылатып айтады» дегендей, ниетім - халқымды жамандау емес, теріс кетіп бара жатқан жақтарымызды нұқып-нұсқап көрсету болып отыр.  «Жау жағадан алғанда, бөрі - етектен» демекші, қазіргі технократиялық заманда дін мен діл, дәстүр мен тіл жаулары қаптап жүр. Сондықтан, халқым, менің жанайқайыма құлақ асар деген үміттемін! 

Ринат Қаби, 
наиб-имамы Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінің.

 

Другие новости

Ловись, рыбка,  большая и маленькая

Ловись, рыбка, большая и маленькая

В Казахстане набирает обороты развитие аквакультур...

  26.07.2024   72
Боец «зеленого» фронта

Боец «зеленого» фронта

В последние годы широкое распространение получило...

  26.07.2024   63
За благополучие окружающего мира

За благополучие окружающего мира

В городе Қонаев прошла крупная экологическая акция...

  26.07.2024   65
Стало чище на берегу Шамалган

Стало чище на берегу Шамалган

В рамках общенациональной экологической акции «Таз...

  26.07.2024   70
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.