Суббота, 27 Июля 2024

Алматы облысында «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда.

Алматы облысында «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда.
Бұрын хабарланғандай әр ауданда және Қонаев қаласында прокуратура, полиция, облыс әкімдігінің, қорғаншылық және қамқоршылық органдары, психологтар және басқа органдардың қызметкерлері қатарынан мобильдік топтар құрылды.
Мобильдік топтармен бір айдан астам уақытта 869 отбасы тексерілді, оның ішінде 284 полиция және пробация органдарында есепте тұрған тұлғалар, 254 тұрмысы қолайсыз, толық емес және табысы аз отбасылар, 331 балалар өгей әкелермен тұратын отбасылар.
Әр отбасыда бізбен әзірленген тексеру парағы толтырылып отыр, оған вакцинациядан бастап, тұрғын-үйге кезекке қоюға дейін баланың барлық құқықтары қосылды.
Жоба шеңберінде 8 қылмыстық іс қозғалды, 73 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жауапсыз ата-аналардан 27 бала тартып алынды, сотқа ата-ана құқықтарын шектеу туралы 9 талап қою берілді.
Мобильдік топпен әкесімен ұрып-соғылған бала анықталды.
Кәмелет жасқа толмаған жедел түрде «Жабық бас миының жарақаттануы, мидың шайқалуы» диагноздарымен ауруханаға жатқызылды.
Әкесіне қатысты ҚК-тің 140-бабының 2-бөлігі бойынша (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Бұдан басқа, жоба шеңдерінде 112 отбасыға материалдық көмек көрсетілді, медициналық тексеруден 918 бала өтті, оның ішінде 25 бала ауруханаға жатқызылды, тұрғын-үйге кезекке 152 бала қойылып, 2 отбасыға тұрғын-үй алуға көмек көрсетілді, балаларға 16 іс-шара ұйымдастырылып, мектептерде 300 дәріс оқылды.
Алматы облысы прокуратурасының, білім басқармасының QR-коды барлық білім мекемелерінде орналастырылды, ол арқылы ай сайын азаматтардан 10-ға жуық түрлі құқық бұзушылықтар фактілері туралы хабарламалар түсуде, соның ішінде буллинг, қорқытып алу, ақша жинау және басқалар. 
Бұл сигналдар прокурорлармен көп ұзамай тексеріліп, расталған жағдайда прокурорлық қадағалау шаралары қабылдануда.
Облыс тұрғындары біздің жобаға қатыса алатынын еске саламыз. 
Ол үшін балаларға қатысты құқық бұзушылықтар жасау фактілері туралы бізге +7-777-012-35-91 нөмірі немесе almaty_obl_prok , almobl_akimat «Instagram» парақшасы арқылы хабарлау қажет.
Анонимділік кепіл етіледі.

Другие новости

Ловись, рыбка,  большая и маленькая

Ловись, рыбка, большая и маленькая

В Казахстане набирает обороты развитие аквакультур...

  26.07.2024   74
Боец «зеленого» фронта

Боец «зеленого» фронта

В последние годы широкое распространение получило...

  26.07.2024   65
За благополучие окружающего мира

За благополучие окружающего мира

В городе Қонаев прошла крупная экологическая акция...

  26.07.2024   67
Стало чище на берегу Шамалган

Стало чище на берегу Шамалган

В рамках общенациональной экологической акции «Таз...

  26.07.2024   71
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.