Четверг, 03 Июля 2025

Шетелдегі Қонаев қаласының тұрғындары еліне жалынды сәлем жолдады

Шетелдегі Қонаев қаласының тұрғындары еліне жалынды сәлем жолдады

Бүгін Қазақстанда Алғыс айту күні тойланып жатыр. Тарихы тереңде жатқан осы мейрамның қарсаңында шетелде қызмет етіп жүрген Қонаев тұрғындары қазақстандықтарға жалынды сәлем жолдады.

Жантөре Кучкаров – 1998 жылы Алматы облысы Қапшағай қаласында дүниеге келген. «Атың барда желіп жүріп жер таны, асың барда беріп жүріп ел таны» деген аталарымыздың қанатты сөзін өзіне ұстаным еткен азамат қазірде Лондонда тұрып жатыр. Ұлыбританиядағы ірі компанияның бірінде қызмет етіп жатқан ол «қайда жүрсем де, елім жүрегімде» дейді.

«Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Ұлыбританияда тұрып жатқан жастардың атынан Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін, еліміз қарыштап дами берсін! Қайда жүрсек те, Отанымызды ұмытпаймыз! Ол әрдайым жүрегімізде! Ұлыбритания астанасынан сіздерге жалынды сәлем жолдаймын!» - деді Жантөре бейнехабарламада.

Ал оның інісі Оңтүстік Кореяны мекен еткен. Ол өзінің сәлемдемесінде Қазақстанды сағынғанын айтты.

«Ассалаумағалейкум, құрметті отандастар! Сіздерді 1 наурыз - Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға мол бақыт, зор денсаулық тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Оңтүстік Кореядан жалынды сәлем!» - деді ол өз сөзінде.

Другие новости

Молодежь – стратегический ресурс региона

Молодежь – стратегический ресурс региона

На площадке Региональной службы коммуникаций город...

  02.07.2025   126
Бизнес с большим сердцем

Бизнес с большим сердцем

«Социальное предпринимательство - одно   из ф...

  02.07.2025   163
Звук - дело тонкое…

Звук - дело тонкое…

Быть логопедом - значит не просто учить звукам, а...

  02.07.2025   176
Мода на трезвость

Мода на трезвость

Последние несколько лет в казахстанских аулах все...

  01.07.2025   315
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.