Четверг, 25 Апреля 2024

ҚАРАҒАНДЫДА ОНКОЛОГИЯЛЫҚ НАУҚАСТАРДЫ ЕМДЕУ БОЙЫНША ЕКІ ЗАМАНАУИ ЖАБДЫҚТАЛҒАН БӨЛІМШЕ АШЫЛДЫ

ҚАРАҒАНДЫДА ОНКОЛОГИЯЛЫҚ НАУҚАСТАРДЫ ЕМДЕУ БОЙЫНША ЕКІ ЗАМАНАУИ ЖАБДЫҚТАЛҒАН БӨЛІМШЕ АШЫЛДЫ
Қарағандыда №3 көпбейінді аурухананың базасында екі жаңа бөлімшенің - жөнделген ғимараттарда орналасқан Радиациялық онкология орталығы мен химиотерапиялық орталықтың ашылуы өтті.
Жаңа бөлімшелердің ашылу салтанатына ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Диляра Қайдарова және Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қатысты.
«Бүгін біз Қазақстан бойынша 3 млрд.теңгеге инвестиция көлемімен үшінші болып табылатын томотерапия аппаратымен жарақтандырылған Радиациялық және химиотерапиялық орталықты ашу жөніндегі осы айтулы іс-шарада тұрмыз. Сонымен қатар, жергілікті әкімдіктің қолдауымен 570 млн. теңгеге брахитерапия аппараты сатып алынды. Бұл аппаратта бірқатар онкологиялық ауруларды емдеу жүргізіледі», - деп атап өтті В.Дудник.
Қымбат томотерапия аппаратымен жабдықталған жаңа радиациялық бөлімшенің ашылуы кез келген локализациядағы ісіктерді тиімді рентгенологиялық емдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Заманауи құрылғылар сәулеленудің сау тіндер мен ағзаларға әсер ету қаупін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Аурухананың басқа бөлімшесінде оңалту төсектері бар тәулік бойы жұмыс істейтін 90 химиотерапия төсегі және 16 паллиативтік көмек төсегі бар. Орталықтың толық жұмыс істеуі үшін дәріхана, зертхана, УДЗ, ЭКГ және рентген кабинеттері бар. Химиотерапиялық орталықтың ашылуы емделуге мұқтаж пациенттерді емдеуге жатқызумен қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Тек химиотерапия бөлімінде ай сайын 500-ге дейін адам емделе алады.
Вице-министрдің айтуынша, бүгінде денсаулық сақтау жүйесінде онкологиялық қызметтің проблемаларын шешуге және ядролық медицинаны дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Другие новости

Развитие медицины в глубинке

Развитие медицины в глубинке

Для лечения пациентов и их полного выздоровления в...

  22.04.2024   276
Эпилепсия - не приговор!

Эпилепсия - не приговор!

Люди, страдающие эпилепсией, могут жить без осложн...

  19.04.2024   212
Травматология нового уровня

Травматология нового уровня

На днях в Международном научном центре травматолог...

  17.04.2024   349
Вирусный гепатит А: опасность и защита

Вирусный гепатит А: опасность и защита

Гепатит А – это инфекционное заболевание, ко...

  04.04.2024   778
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.