Четверг, 25 Апреля 2024

Алматы облысында су тасқыны кезіңіне дайындық басталды.

Алматы облысында су тасқыны кезіңіне дайындық басталды.

Алматы облысы ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Дәурен Азаматов облыс әкімінің қаулысына сәйкес 19 ақпаннан бастап өңірде су тасқыны кезеңіне жоғары дайындық режимі басталғаны туралы өңірілік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында айтты.

Бүгінгі таңда елді мекендерден 3,1 мың м3 қар шығарылған. Сонымен қатар, 154,8 шақырым арық желілері, 48,2 шақырым каналдар, 87 бірлік автожол және 7 бірлік темір жол астындағы су өткізу және 27,2 шақырым су бұру каналдары қазылды. Өз баяндамасында Дәурен Азаматов су тасқыны қаупі бар 27 елді мекен бар екенін, 7-і елді мекенде қауіп толығымен жойылып, 20 нысанда қауіп азайтылғанын атап өтті.

Көктемгі кезеңдегі ТЖ салдарын жою үшін облыс аумағында жеке құрамның 1326 астам адамы , 471 бірлік техника, 29 жүзу құралы және 120 мотопомпа техникасы  жұмылдырылған. Спикердің айтуынша, Еңбекші қазақ, Талғар, Кеген және Қарасай аудандарының 12 елді мекендерінде жергілікті және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы 88 су өткізу құбыры ауыстырылып, 435 шақырым арық-канал жүйесі қайта жаңартылған.

«Профилактикалық мақсатта аумақтық ТЖД-нің аудандық бөлімшелері 123 елді-мекенді қамти отырып, 92 рейд жүргізді. Бұдан бөлек «Көктем-2024» оқу-жаттығу барысында бес су тасқыны қаупі бар 1,8 шақырым арықтар мен каналдар, 73 автожолдар астындағы су өткізу құбырлары тазартылды.Нәтижесінде су тасқыны қаупі барынша азайды»,-дейді Дәурен Азаматов.

Еске салайық, су басқан жағдайда құтқару қызметі "112” нөмірі бойынша хабарласу қажет!

Другие новости

Аллея волонтеров

Аллея волонтеров

Городской пляж города Қонаев украсила «Аллея...

  24.04.2024   80
«Мы благодарны за заботу о нас»

«Мы благодарны за заботу о нас»

Так говорят дети, приехавшие в Алматинскую область...

  22.04.2024   209
«Мы все говорим на казахском...»

«Мы все говорим на казахском...»

В моем родном селе Каргалы в мире и согласии живут...

  22.04.2024   319
Антитеррористическая учения проводят в ТРЦ Алматинской области

Антитеррористическая учения проводят в ТРЦ Алматинской области

22 апреля в 8.00 в ТЦ «Qonaev City» (г...

  22.04.2024   177
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.