Суббота, 04 Мая 2024

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Президент Жолдауына пікір білдірді

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Президент Жолдауына пікір білдірді

ЖОЛДАУДА «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖОБАЛАРЫ ҚОЛДАУ ТАПТЫ

Өткен аптада Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Бұл жолдау халықты жасампаздыққа жетелейтін тарихи жолдау болды. Елімізде кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқан ауқымды әрі маңызды реформалардың жалғасы деп білемін.
Жалпы соңғы бес жылдағы Президент жолдаулары бір-бірімен біте қайнасып жатыр. Өткен жылы бастау алған саяси жаңғыру жұмыстары үлкен экономикалық өзгерістерге ұласты. 
«AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының әрбір Жолдауда әр салаға қатысты айтылған тапсырмаларын негізге ала отырып, әрдайым қоғамның, елдің дамуы үшін ауқымды жобалар ұсынып, соның негізінде қыруар жұмыстарды атқарып келеді. Осы орайда, Жолдауда партиялық жобалар да қолдау тауып отыр.
Мәселен, «Жер аманаты» жобасы аясында игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл «Жер аманаты» комиссиясының жұмысының нақты жемісі десек болады.
Біздің облыста аталған комиссияның күшімен өткен жылы 113 мыңнан аса гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылса, биыл жыл басынан бері 68 мың гектар жер қайтарылды. Ал алдағы бес жылда игерусіз жатқан тағы 190 мың гектар жер қайтарылатын болады.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасын ілгерілетуде ауыл-аймақты дамытуға ден қойып отыр. Бұл бағытта да Үкіметке «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасын ары қарай да жандандыру туралы нақты тапсырмалар жүктеді. 
Мәселен, облыста ауылды дамытуға арналған жаңа тұжырымдамаға арқау болып жатқан аталмыш жобасы жайлы айта кетсек. Бүгінгі күні облыста «Ауыл аманаты» өңірдегі ауыл тұрғындарының табысын арттыруға 8,3 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Бұл жоба аясында бүгінгі таңда бағдарламаны іске асыру шеңберінде облыс бойынша жалпы сомасы 2 млрд 668 млн теңгеге өтінім мақұлданды. Бүгінгі күнге ауыл тұрғындарына 664 млн теңгеден аса сомада 98 шағын несие берілді.
Тағы бір маңызды мәселе – табысты өмір сүрудің кілті тек ақша табуда ғана емес. Сонымен қатар үнемдей білуде. Бұл баршаға аян. Қазір бүкіл әлем үнемдеуге бет бұрып отыр. Ол су ресурстарынан бастап, қарапайым отбасы табысын үнемдеуге де қатысты. Біз де осыны үйренуге тиіспіз.
Тұрғындардың кредитті шамадан тыс алуы да Президентті қатты алаңдатуда. Бүгінде миллионнан астам қазақстандық несиесін төлей алмай отыр. Мемлекет басшысы бұған да нақты жауап берді. Осы орайда азаматтарды жаппай қаржылық сауаттылыққа оқытудың ауқымын кеңейтуді тапсырды. «AMANAT» партиясы бұл жұмысты бастап кетті. «Қарызсыз қоғам» жобасының алғашқы нәтижелері көңіл көншітерлік. Президент бұл жобаны Үкіметпен бірлесіп іске асыруды тапсырды.

Осы орайда, аталмыш жоба Алматы облысында да өз жұмысын белсенді жалғастырып жатқанын атап өткім келеді. Алғашқы аптаның нәтижесін көріп, халықтың жобаға деген жоғары қызығушылығын байқадық. Жыл соңына өңірде 9 мыңға жуық азаматтың қаржылық сауатын арттыру жоспарланған. Жоба аясында  қазіргі таңда 5 мыңнан аса тұрғын қаржылық сауатын арттырды. 
Сондай-ақ, елімізде Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды. Өйткені, бұл мәселе еліміз үшін аса өзекті. Алматы облысында да судың сапасы мен халыққа қолжетімділігіне қатысты өңірлерде проблема көп.
Енді суға қатысты барлық мәселені шешу осы ведомстваның мойнына жүктеліп отыр.
Өңірдің шаруалары жаңадан құрылған министрліктен көп үміт күтеді. Жыл сайын өңірімізде егін алқаптарын суаруға қажетті мөлшердің тең жартысы ысырап болып жатады. Арықтар мен ирригациялық жүйелердің тозығы жеткен. Сондай-ақ егіншілер де тамшылатып суару әдісін қолдана бермейді.
Ал Іле ауданында орналасқан «Сорбұлақ» су қоймасының техникалық мүмкіндігі толық иегерілмей жатыр. 
Қоймадағы сумен 10 мыңнан аса гектарды молынан суаруға мүмкіндік бар. Алайда, қазір суарылатын егістік көлемі үш мың гектарға да жетпейді. Ал жасанды көлге 1 млрд текше метр су сыяды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы ел болашағына қатысты мәселелерге келгенде әрдайым халықтың пікірін ескереді. Бұған біз тағы бір мәрте көз жеткіздік.
Мәселен, Алматы облысында Атом станцияның құрылысы бойынша референдум өткізу жауапты әрі маңызды қадам болмақ. Халық өз болашағын өзі таңдауға құқылы.
Жолдаудан түйген басты ой – тиімділік. Біз осы тапсырмалардың бәрін жүйелі әрі тиімді орындасақ қана нәтижеге қол жеткіземіз. Тиімді экономика қалыптастырып, игіліктеріміздің бәрін – жер, су, табиғи байлықтарды әділ де тиімді пайдалануымыз керек. Сонда ғана халықтың әл-ауқаты артып, мемлекетіміз өркендейді. 
Ал біздің мақсатымыз – жолдауда айтылған міндеттердің барлығының заңнамалық деңгейде сапалы әрі жедел орындалуын қамтамасыз ету. 

Қуат Байғоджаев,
«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы

 

Другие новости

Озеленили территорию у въезда в село Бекболат

Озеленили территорию у въезда в село Бекболат

В рамках республиканской экологической акции &laqu...

  30.04.2024   437
Новый формат чистоты

Новый формат чистоты

- Древняя латинская поговорка гласит «Храни...

  30.04.2024   426
С чистоты начинается любовь к Родине

С чистоты начинается любовь к Родине

- Потребность в чистоте должна закладываться в чел...

  30.04.2024   360
Наша главная ставка - на сплоченность

Наша главная ставка - на сплоченность

Вопросы, поднятые Президентом Казахстана Касым-Жом...

  30.04.2024   375
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.