Понедельник, 29 Апреля 2024

Алматы облысының белсенді жастары коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай ұсынды

Алматы облысының белсенді жастары коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай ұсынды

AMANAT партиясының жас белсенділері «Кел, шай ішейік!» акциясын ұйымдастырды. Олар аязда таңнан кешке дейін көшелерді қардан тазартып жүрген коммуналдық қызметкерлерге ыстық шәй ұсынды. 

«Жастар рухы» жастар қанаты таңертеңнен қала ішін аралап, білек сыбана жұмыс істеп жасап жатқан қызметкерлерге тіскебасар ұсынып, шайға шақырды. Одан бөлек, жұмыс тоқтап қалмас үшін қолдарына күрек алып, жол жиектеріндегі қарды тазалап, жаяужолдарды мұздан тазартуға көмектесті.

«Рухтастармен «Кел, шәй ішейік!» акциясын өткіздік. Акция аясында біз коммуналдық қызмет жұмыскерлеріне тәтті тоқаш пен ыстық шай тараттық. Күнделікті тазартылған жолдармен адамдар жүріп коммуналдық қызмет жұмыскерлерінің еңбегін байқамайды. Акцияның мақсаты коммуналдық қызмет жұмыскерлеріне алғысымызды білдіріп, көңілдерін көтеру. Олар бізге таза қала түріндегі әдемі көріністі ұсыну үшін және сағат 6-да ауысымға шығу үшін, таңғы сағат 4-те оянып, қатарда тұрады», – дейді «Жастар Рухы» ЖҚ белсендісі Мират Ашимбаев.

Қатысушылар үшін шараның ең керемет кезі қызметкерлердің күтпеген жерден пайда болған бізге шынайы күлкі сыйлап, алғыстарын жаудырған сәті дейді. Арасында батасын беріп, күнделікті кездесетін қиындықтарымен бөлісетіндері де аз емес екен.

Айта кетейік, Қазгидрометтің деректеріне сүйенсек, бүгін облыс орталығы Қонаевта ауа температурасы -16 градус Цельсийден -20 градусқа дейін төмендейді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, коммуналдық қызмет көрсетуші компания жұмысы тоқтаған жоқ. қала әкімінің тапсырмасына сай, олар күшейтілген режимде жұмыс жасауда. соңғы деректерге сәйкес, қалада қардың қалыңдығы 13 см-ге жетті.

"AMANAT" партиясының баспаcөз қызметы.

 

Другие новости

Казахстан и Сингапур обсудили сотрудничество в проекте Alatau City

Казахстан и Сингапур обсудили сотрудничество в проекте Alatau City

28 апреля состоялась встреча акима области Марата...

  28.04.2024   83
Развитие промышленных зон

Развитие промышленных зон

В рамках рабочей поездки в промышленную зону Илийс...

  28.04.2024   79
В честь Дня единства народа Казахстана в областном центре прошел легкоатлетический забег «Бірлік жарысы». 

В честь Дня единства народа Казахстана в областном центре прошел легкоатлетический забег «Бірлік жарысы». 

Цель забега: сохранение общественного согласия, ук...

  28.04.2024   118
Идеология как созидающая сила общества

Идеология как созидающая сила общества

Сегодня мы являемся свидетелями переломного момент...

  28.04.2024   127
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.