Вторник, 30 Апреля 2024

"Таза Қазақстан" Республикалық экологиялық акциясы бастау алды

Жамбыл ауданында республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы берекесімен бастау алып, ауқымын кеңейте түсті. Бүгін аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы ауданның зиялы қауымымен және жастармен бірге аудан орталығы Аса ауылындағы орталық алаңда тазалық жұмыстарына ден қойып, Мемлекет басшысының аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде берген тапсырмасына орай өңір тұрғындарына Үндеуін жариялады.

Экологиялық акция аясында ауданның орталық алаңындағы талдар әктеліп, демалыс орындары сырлануда және сәндік ағаштар отырғызылуда.

Жамбыл ауданы аумағында биыл 5 000 түп ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланса, бүгінге дейін жалпы саны 3 257 түп ағаш егілді. Оның ішінде 350 түп арша, 350 түп туя, 1800 түп қарағаш, 227 түп қораз талдар бар.

Аудан орталығындағы мекемелердің ғимараттары айналасында да тазалық және көріктендіру жұмыстары жүргізіліп, аудан ардагерлері мен жастары орталық Абай көшесінің бойын ретке келтіріп, қапталындағы арықтарды тазалады.

Жалпыхалықтық экологиялық акция Жамбыл ауданындағы барлық 42 елді мекенде жалғасын тауып отыр.

Сонымен қатар, акция аясында ұрпақтар сабақтастығын жалғауды мұрат тұтқан Жамбыл ауданының ардагерлері аудан жастарын тарта отырып, ұрпақтар сабақтастығы ретінде аудандағы 20 еңбек ардагерлерінің аулаларындағы көктемгі егін жұмыстарына қол ұшын берді.
Олар өздерімен бірге жұмыс құралдарын ала келіп, баспана аулаларын күл-қоқыстан тазартты, үй іргесіндегі тәлімі жерді көктемгі егіске дайындау мақсатында аударып, тырмалап, су жүретін арық-атыздарды тартып берді.

"Атадан мал қалғанша, тал қалсын" деген сипатты сөзді санаға түйген ақсақалдар мен жастар аула ішіне 50 түп жеміс және 50 сәндік ағаш көшеттерін отырғызды.

Аға буын мен кейінгі ұрпақ сонау ата-бабадан жеткен еңбек дәстүрін осылай дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын паш етті. Ізгілік жолы барлық елді мекендерде жалғасуда.

Другие новости

Необходима системная работа

Необходима системная работа

В первом квартале текущего года в социально-эконом...

  29.04.2024   72
Развитие промышленных зон

Развитие промышленных зон

В рамках рабочей поездки в промышленную зону Илийс...

  29.04.2024   68
«Помогаем менять жизнь»

«Помогаем менять жизнь»

Слово «үміт» в переводе с казахского о...

  29.04.2024   82
Поздравление акима Алматинской области Марата Елеусизовича Султангазиева с праздником - Днем единства народа Казахстана

Поздравление акима Алматинской области Марата Елеусизовича Султангазиева с праздником - Днем единства народа Казахстана

Уважаемые жители  Алматинской области! ...

  29.04.2024   77
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.