Вторник, 30 Апреля 2024

Отбасылық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік қатаңдатылады

Отбасылық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік қатаңдатылады

Бүгін Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарға қол қойды.

Ең алдымен, атап өтерлік басты жәйт – барлық түзету іргелі мәселелерді қамтып отыр. Атап айтқанда, суицидті әлеуметтік қауіпті әрекет ретінде насихаттауды криминализациялау қамтылған. Олар азаматтық қоғамның одан әрі дамуы үшін негіз болады және азаматтардың санасында қоғамдық қатынастардың жаңа заманауи моделін қалыптастырады. Сондай-ақ, онда адам құқықтары бірінші орынға қойылып, жеке тұлғаның қадір-қасиеті бағаланады.

Сонымен қатар, бұл заңда әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдататын, отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалар енгізілді, оның ішінде:

  • денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық ретінде танылды. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіруге қатысты жауапкершілік қатаңдатылды;
  • неке және отбасы, әке болу, ана мен бала институтын нығайтуға негізделген неке және отбасы заңнамасының жаңа қағидаттары, сондай-ақ жалпыадамзаттық, ұлттық, дәстүрлі, мәдени, отбасылық құндылықтарды құрметтеу негізінде балалардың адамгершілік, рухани тәрбиесін қамтамасыз ету қағидаты қарастырылды;
  • тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін отбасын қолдау орталықтарын құруға және олардың жұмысына қатысты мәселелер заңнамалық тұрғыдан бекітілді;
  • 16 жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиіскені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Кәмелетке толмағандарды ұрлағаны және заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін жаза айтарлықтай қатаңдатылды;
  • білім беру ұйымдары кәмелетке толмағандар жасаған немесе оларға қатысты жасалған заңға қайшы әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға міндетті;

Кәмелетке толмағандарды жәбірлегені (буллинг, кибербуллинг) үшін әкімшілік жауапкершілік алғаш рет енгізілді. Өйткені кибербуллинг құрбандары Қазақстанда күннен-күнге көбейіп барады. Еліміздегі 11-15 жас аралығындағы әрбір бесінші жеткіншек кибербуллингтің құрбанына айналады екен. Ғаламторда отырған баланың жеке басына тиісу, түр-тұлғасын кемсітіп, ар-намысын қорлау, аяққа таптау, одан қалды қарғап-сілеудің салдары одан да қорқынышты. Рас, бұрын-соңды еліміздің заңнамасында «кибербуллинг» термині болған жоқ.

Қазақстанда жыл сайын отбасылық зорлық-зомбылық салдарынан кемінде 80 әйел қаза табады, күнделікті полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 300-ге жуық арыз келіп түседі. 20 миллион халқы бар Қазақстан үшін бұл үлкен жағымсыз көрсеткіш. Осының салдары әрбір үшінші некенің ажырасуымен аяқталуға әкеледі.

Аталған Заң неке және отбасы заңнамасының жаңа қағидаттарының негізін қалап, қоғамдық қатынастардың, соның ішінде отбасы институтының жаңа заманауи моделін және де зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәдениетін қалыптастырады.

«Көш жүре түзеледі» демекші, бұл заңдардың қабылдануы уақыт талабы болып отыр. Дана халқымыз ұлан-ғайыр жерде отбасылық қатынасты әдет-ғұрыппен, үлкендердің ақыл-өсиетімен шешкен. Ол заманға да келерміз. Әрине, бұл үшін тәртіп пен тәрбиені дұрыс жолға қоя білу маңызды.

Отбасы берік болу үшін ерлі-зайыптылар бір-бірін кешіре білулері қажет. Кешірімділік, сабырлылық, мейірімділік бар жерде береке-бірлік пен ырыс-ынтымақ бар.

Аталған заңдар осыған жол ашады деп білемін.

 

Болат Керімбек, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

Другие новости

Необходима системная работа

Необходима системная работа

В первом квартале текущего года в социально-эконом...

  29.04.2024   44
Развитие промышленных зон

Развитие промышленных зон

В рамках рабочей поездки в промышленную зону Илийс...

  29.04.2024   40
«Помогаем менять жизнь»

«Помогаем менять жизнь»

Слово «үміт» в переводе с казахского о...

  29.04.2024   56
Поздравление акима Алматинской области Марата Елеусизовича Султангазиева с праздником - Днем единства народа Казахстана

Поздравление акима Алматинской области Марата Елеусизовича Султангазиева с праздником - Днем единства народа Казахстана

Уважаемые жители  Алматинской области! ...

  29.04.2024   50
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.