Среда, 01 Мая 2024

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Аманаттықтар мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, «Жастар рухы» жастар қанатының еріктілері өңірдегі ескерткіштердің айналасын тазалауға атсалысты.

Қазіргі уақытта белсенділер әр аудандағы монументтердің айналасын тазарту жұмыстарын жүргізуде. 

Айта кету керек, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғанына екі апта болды. Халық қалаулылары мұндай сенбіліктер тек арнайы уақытта ғана емес, әр аптада үрдіске айналуы қажет дейді. Себебі өңірдің келбетін сақтау- баршаға ортақ міндет.

«Ескерткіштерді таза ұстау – туристер, қала қонақтары болсын, тұрғындар болсын таза жерде жүруі қажет. Тазалықты сақтау – әрбір азаматтың негізгі міндеті. Туған өлкемізді өзіміз таза ұстап, аялауды қолға алуымыз қажет. Мұндай жұмыстар әр жетінің бір күнінде жүріп отыруы керек», – дейді облыстық мәслихат депутаты Қуат Байғоджаев.

Алдағы күндері партиялықтар және «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері сенбілікті Қонаев қаласының алғашқы құрылысшыларына арналған ескерткіш аумағында өткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, олар 1 ш/а ағаш отырғызып, Қапшағай жағалауын қоқыстан тазартады.

Жалпы, «AMANAT» партиясы экология мәселесіне көп көңіл бөледі. Мәселен, партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жұмыс аясында елаумағында 2025 жылға дейін 2 млрд түпке жуық ағаш отырғызылады. 

Сонымен қатар, ел аумағында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеу мақсатында полиция және экология департаменттері рейд жүргізеді. Сондай-ақ өндірістегі экологиялық бастамалар да күшейтіледі.

Другие новости

Озеленили территорию у въезда в село Бекболат

Озеленили территорию у въезда в село Бекболат

В рамках республиканской экологической акции &laqu...

  30.04.2024   82
Новый формат чистоты

Новый формат чистоты

- Древняя латинская поговорка гласит «Храни...

  30.04.2024   99
С чистоты начинается любовь к Родине

С чистоты начинается любовь к Родине

- Потребность в чистоте должна закладываться в чел...

  30.04.2024   99
Наша главная ставка - на сплоченность

Наша главная ставка - на сплоченность

Вопросы, поднятые Президентом Казахстана Касым-Жом...

  30.04.2024   140
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.