Суббота, 04 Мая 2024

ҮШІНШІ АЛТЫН МЕДАЛЬ! ӘСЕМ ОРЫНБАЙ МЕН ЭДУАРД ЕЩЕНКО-ХАНЧЖОУДАҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНДАРЫ

ҮШІНШІ АЛТЫН МЕДАЛЬ! ӘСЕМ ОРЫНБАЙ МЕН ЭДУАРД ЕЩЕНКО-ХАНЧЖОУДАҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНДАРЫ

Қазақстандық Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стендтік ату турнирінің аралас жұптық сайысында алтын медаль жеңіп алды. "Скит" жаттығуының финалында қазақстандықтар Кувейттен келген қарсыластарынан озық болды. Қорытынды есеп –40:35.

Бұл Азиададағы еліміздің ұлттық құрамасы үшін үшінші алтын медаль. Естеріңізге сала кетейік, кеше Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панаринадан жасақталған Қазақстанның әйелдер командасы "скит" жаттығуында алтын медаль жеңіп алып, Азия ойындарының рекордын орнатты. Ал жекелей сында Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды.

"Біздің мергендер тағы да керемет нәтиже көрсетті! Спортшыларды, жанкүйерлерді және, әрине, команданың жаттықтырушылар штабын осы жеңіспен құттықтаймын. Бүкіл ел мергендерімізбен мақтанады. Бұл жеңіс мыңдаған қазақстандық жеткіншектерді осы спорт түрімен айналысуға шабыттандыратынына сенімдімін", - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Другие новости

Международная Иле-Балхашская ХХ Регата

Международная Иле-Балхашская ХХ Регата

Дорогие казахстанцы! Оргкомитет Международной...

  30.04.2024   395
Чемпионы выходят из аулов

Чемпионы выходят из аулов

В Илийском районе в селе Аскар Токпанов состоялось...

  30.04.2024   443
Оттачивая ловкость и силу

Оттачивая ловкость и силу

В городе Қонаев прошел первый тур юношеского чемпи...

  26.04.2024   268
В честь погибшего коллеги

В честь погибшего коллеги

В Балхашском районе состоялся спортивный турнир, п...

  26.04.2024   163
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.