Понедельник, 29 Апреля 2024

Сүмбе ауылында спорт кешені ашылды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Райымбек ауданына жасаған іссапарында Сүмбе ауылында спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты.

Шара Республика күніне орай ұйымдастырылған.

"Ауылда спортқа қызығушы балалардың көп болғаны қуантады. Бұл нысанның салауатты өмір салтын қалыптастырып, халық арасында дәріптеуде маңызы зор. Жалпы Нарынқол өңірінің жастары белсенді әрі талантты. Осы спорт кешенінен Қазақстанның туын көкке көтеретін, айбынды жастар тәрбиеленіп шығады деп үміттенеміз. Ауыл, аудан, қалаларымыз дами берсін! Мереке құтты болсын!" - деді Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөзінде.

Содан кейін өңір басшысы нысанның қызыл лентасын қиып, кешенді аралап шықты. Ғимарат 1 гектардан астам аумақты алып жатыр. Аулада баскетбол және футбол алаңдары, көліктерге арналған тұрақ, воркаут алаңы бар. Ал кешеннің ішінде 70 көрерменге арналған спорт, бокс, фитнес, күрес, гимнастика залдары орналасқан.233Жанна08:43

Другие новости

Оттачивая ловкость и силу

Оттачивая ловкость и силу

В городе Қонаев прошел первый тур юношеского чемпи...

  26.04.2024   133
В честь погибшего коллеги

В честь погибшего коллеги

В Балхашском районе состоялся спортивный турнир, п...

  26.04.2024   126
Гол за голом на пути к мечте

Гол за голом на пути к мечте

В последние годы казахстанские футболисты добились...

  26.04.2024   439
По следам наставника

По следам наставника

В минувшие выходные воспитанница чемпиона мира по...

  26.04.2024   131
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.