Пятница, 03 Мая 2024

"60 ЖЫЛ БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДАМЫЗ" - ҚОНАЕВ ТҰРҒЫНЫ

Бүгін елімізде Шаңырақ күні тойлануда. Мейрам қарсаңында Қонаев қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Бибігүл Шайкенова отандасқандарына 60 жыл толған Шинибаевтар отбасымен тілдесіп, сый-сияпат табыстап қайтты.

Шинибаев Жақабай Жұмағұлұлы мен Тұрғамбаева Айтансық Рыстайқызы бүгінде 2 ұлын ұяға, 3 қызын қияға қондырған. Балаларынан 14 немере, 21 шөбере сүйіп отыр. 

Осы әулеттің отағасы Жақабай ата теміржол саласында қызмет етсе, ал жұбайы 36 жыл ұстаз болған. Айтансық апа «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» атағымен марапатталып, зейнетке шыққан. 

"Шаңырақ күнін тойлату дәстүрге айналса керек. Қоғамның іргесін қалаушы әр отбасы тату, қыздары қылықты, ұлдары мінезді, намысшыл болса, ел еңсесінің тік болғаны. Барша қазақстандықтарға бақыт тілейміз. Жас отбасылардың ажырасуы азайып, әр шаңырақ биік болсын! Кез келген жанұя үшін әр күн мереке болуы керек. Біздің отандасқанымызға 60 жыл болды. Қызығы мен шыжығын қатар көріп жатырмыз. Осы күнімізге шүкір, тәубе дейміз", - деді ата мен апа пікір білдіріп.

Бұдан кейін Арна ауылдық клубының директоры Анаргүл Серікқызы отау құрғандарына 40-50 жыл болған 4 отбасын мерекемен құттықтап шықты. Аталар ақ батасын беріп, әжелер алғысын жаудырды.

Другие новости

Общенациональный телемарафон «Біз біргеміз!»

Общенациональный телемарафон «Біз біргеміз!»

СЕГОДНЯ впервые в преддверии Дня единства народа К...

  30.04.2024   259
Восстановлены права услугополучателя

Восстановлены права услугополучателя

В марте текущего года в департамент Агентства Респ...

  30.04.2024   281
Марафон Великой степи

Марафон Великой степи

Фестиваль «Tengri Ultra» отмечает в эт...

  29.04.2024   266
Дружба со вкусом мороженого

Дружба со вкусом мороженого

Почти 30 лет назад Андрей Шин открыл небольшое сем...

  29.04.2024   360
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.