Суббота, 27 Апреля 2024

700 литр көже құйылды

700 литр көже құйылды
700 литр көже, ұлттық ойындар мен концерт: Шеңгелдіде Наурыз мерекесі қалай тойланды?
Бүгін Наурызнаманың онкүндігі аясында Шеңгелді ауылында ұлан-асыр той жасалды. Бұл күні 5 қазақ үй тігіліп, 700 литр наурыз көже пісірілді. Концерт қойылып, ұлттық дәстүр мен ойындар ұлықталды. Балалар ләңгі теуіп, арқан тартысып, жігіттер гір тасын көтеруден жарысты. Қошқар көтерген азаматтар да бір-бірінен қалыспады. Сондай-ақ Мәдениет үйінің алаңында ұлттық әшекей-бұйымдар, киімдерден көрме қойылды.
Алдымен жиылған жұртқа Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев ақ жарма тілегін айтып, шараның шымылдығын ашты. 
- Баршаңызды Ұлыстың Ұлы Күні - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Халық санасында ежелден жыл басы саналған, елдің жадында Ұлыстың ұлы күні болып қалыптасқан Наурыз - қашан да елдік пен бірліктің, тазару мен жаңару мерекесі. Биыл төл мерекемізді тойлаудың жаңа дәстүрі қалыптасып, жыл сайын 14-23 наурыз аралығында өткізілетін Наурызнама онкүндігі аталып өтуде. Әз-Наурыз баршаңызға жақсылық сыйлап, шаңырақтарыңызға құт-береке әкелсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! - деді қала әкімі.
Кейіннен елді мекеннің дамуына елеулі үлес қосқан ел ағалары Шеңгелді ауылының Құрметті азаматы медалімен марапатталды, бірқатар азаматқа Құрмет грамотасы табысталды. 
Шара концерттік бағдарламаға ұласты. Ел Қыдыр атадан бата алып, Ай мен күннің диалогын тамашалады, шырқалған әнге билеп, шат-шадыман күй кешті.
 
Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Другие новости

Сакский стиль новых банкнот

Сакский стиль новых банкнот

С 25 декабря 2023 года Национальный Банк Казахстан...

  26.04.2024   74
Больше трех тысяч деревьев за три дня

Больше трех тысяч деревьев за три дня

В Илийском районе за три дня акции «Жасыл ай...

  25.04.2024   164
Модный бизнес

Модный бизнес

В этом году благодаря госпрограмме «Ауыл ама...

  24.04.2024   161
Знаковые назначения

Знаковые назначения

В Алматинской области представили нового председат...

  24.04.2024   151
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.