Среда, 01 Мая 2024

«Бала – ата-ана айнасы»

«Бала – ата-ана айнасы»

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасының саласы құқықтық саясаттың бiр бөлiгi болып табылады, және ол кәмелетке толмағандар үшiн құқықтық және әлеуметтiк кепiлдiктер жасайды, олардың арасындағы құқықбұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалу профилактикасының жүйесiн құрайтын органдар мен мекемелердi материалдық-техникалық, қаржылық, ғылыми-әдiстемелiк және кадрлармен қамтамасыз етеді.
Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында білім ордаларында  түрлі жұмыстар атқарылып тұрады. Осыған байланысты И. Ф. Халипов атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектебінде 15.02.2023 жылы 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында кездесу өтті. Кездесу барысында Қ. М. Қырманшиева, А. Б. Такенова, Ш. Ш. Шарахунов инспекторлар ата-аналарға олардың міндеттері туралы кеңінен тарқатып айтты. «Бала құқықтары туралы конвенцияға» сүйене отырып, баланың денсаулығына, орта білім алуына, қалаған секцияларына қатысуына, сабаққа кешікпей келуіне, мектеп формасын сақтауына, мектептің қоғамдық жұмыстарына араласуына, электронды темекі шекпеуіне, буллинг жасамауына, түнде көшеде заңды өкілдерінсіз жүрмеуіне, түрлі құқықбұзушылықтарға бармауына ата-аналардың тікелей жауап беретіні туралы қатаң ескертілді. Егер міндеттер орындалмаған жағдайда ата-аналар әкімшілік жауапқа тартылатының  айтты. Ата-ананың құқықтары талқыланып, сұрақтарға толыққанды жауап берілді. Мектеп психологтары Джаппаров Сервер, Қанатбекқызы Самал «Ата-ана және бала» тақырыбында тренинг өткізді. Ата-аналар қызығушылықпен тапсырмаларды орындап, кеңестеріне құлақ асты. Содан соң әлеуметтік педагог Абдраманова Перизат «Балаңызға қандай ата-анасыз?» атты еркін әңгіме жүргізді. Сөз соңында ДТІЖО Шарипова Чинара Абайдуллаевна «Балалардың мектептегі тәртібі» туралы сұхбаттасты. 
Түсіндірме жұмысы барысында ата-аналар тарапынан барлық мамандарға сұрақтар қойылып, талқыланып, жауап берілді.
Қорыта келгенде, қоғамда дұрыс тұлға қалыптастырудағы ата-ананың отбасындағы маңыздылығы терең түсіндірілді.

Перизат Абдраманова, 
И. Ф. Халипов атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектебінің әлеуметтік педагогі.

Другие новости

Общенациональный телемарафон «Біз біргеміз!»

Общенациональный телемарафон «Біз біргеміз!»

СЕГОДНЯ впервые в преддверии Дня единства народа К...

  30.04.2024   108
Восстановлены права услугополучателя

Восстановлены права услугополучателя

В марте текущего года в департамент Агентства Респ...

  30.04.2024   128
Марафон Великой степи

Марафон Великой степи

Фестиваль «Tengri Ultra» отмечает в эт...

  29.04.2024   159
Дружба со вкусом мороженого

Дружба со вкусом мороженого

Почти 30 лет назад Андрей Шин открыл небольшое сем...

  29.04.2024   216
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.