Пятница, 03 Мая 2024

Резидентураның 73 түлегі Алматы облысына жұмысқа келді

Резидентураның 73 түлегі Алматы облысына жұмысқа келді
Нәтижесінде дәрігерлер тапшылығы 153 маманнан 80-ге дейін азайды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. «Резиденттер облыс әкімдігінің гранты бойынша С. Асфендияров ат. Қазақ Ұлттық Медициналық Университетінде, Қазақстан-Ресей медициналық университетінде, Семей қаласындағы университетте білім алған», - деп жазды баспасөз қызметі. Жас мамандар барлық аудандардағы медициналық нысандарға жұмысқа орналасты. Олардың қатарында хирург, невролог, инфекционист, кардиолог сынды дәрігерлер бар. «Өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев аппарат отырысында жас мамандарды қолдау үшін бар жағдайды жасауды тапсырған болатын. Арнайы заңға сәйкес, ауылдарға жұмысқа орналасқан мамандарға 100 АЕК көлемінде (345 мың тг) бір реттік көтермеақы беріледі. Сондай-ақ үй салу, сатып алу үшін 1500 АЕК көлемінде (5,175 млн тг) қаражат қарастырылған», - делінген хабарламада.

Другие новости

Студенческая ярмарка в помощь пострадавшим

Студенческая ярмарка в помощь пострадавшим

В SDU University организовали и провели масштабную...

  29.04.2024   278
Марафон Великой степи

Марафон Великой степи

Фестиваль «Tengri Ultra» отмечает в эт...

  26.04.2024   272
Аллея волонтеров

Аллея волонтеров

Городской пляж города Қонаев украсила «Аллея...

  24.04.2024   334
«Мы благодарны за заботу о нас»

«Мы благодарны за заботу о нас»

Так говорят дети, приехавшие в Алматинскую область...

  22.04.2024   367
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.