Суббота, 27 Апреля 2024

«Өнерлі өрге жүзер!»

«Өнерлі өрге жүзер!»

2024 жылғы наурыз айында Талдықорған қаласы Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «USHARKZ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, «АРТСПОРТ» ассоциациясының қолдауымен «ТаланттарTIME» Республикалық көпжанрлық балалар шығармашылық байқауы өтті. 
Елдің келешегі кемелді болуы – жастардың белсенді, білікті, білімді,  өнерлі болуына тікелей байланысты екені анық. Талантты балаларымызды  өз көрермендерімен жақын таныстырып, табыстыратын бірден-бір орта, ол – сахна. «ТаланттарTIME» Республикалық көпжанрлық балалар шығармашылық байқауының балалардың  бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында  істелінген жұмыстары балаларды өнер әлеміндегі айдындарының бұдан да шарықтап, қарыштап өсуіне тигізер әсері мол. Бұл байқауға әр баланың бойындағы өнерін көріп, шамшырағын жаға білген білікті де білімді жетекшілері туралы да айта кету керек. «STAR KIDS» орталығының жетекшілері Абылханов Айнолла Касенович, Бейсембаева Кулпан Кыдырбековна, Мыржикова Айгуль Бектургановна, «OBRAIN» балалар дамыту орталығының жетекшілері – Қайықбай Ерғазы Қайықбайұлы, Маратова Қаршыға Ардаққызы, Нұралхан Акерке Нұралықызы, Жаркетерова Макпал Еркінқызы. «Дарын» шығармашылық орталығының жетекшілері – Жалғасбаева Гүлсім Серікбайқызы, Ратеева Светлана Азимовна, Самочернова Елена Васильевна, Аяп Ғалия Қонақбайқызы, Орынғалиқызы Айғаным, Берік Жанар. «HOLLYWOOD» өнер орталығының жетекшілері – Сергазинов Марат, Абдрахимова Айдана, Шарипова Базаргүл, Беделхан Маржан. Талдықорған қаласы «Beimar» өнер студиясының жетекшісі Жақсыбаева Айғаным Тоқтарбековна, «Айана» өнер және спорт мектебінің жетекшісі Болат Қастер, «Art.студия» орталығының жетекшілері – Секимбаева Перизат Мақсатқызы,  Бабаева Гулнар Мендельхановна, Талдықорған қаласы №11 «Құлыншақ» балабақшасының жетекшілері Гаккесинова Нургуль Сейдахметовна, Қожаханова Жазира Сериковна, Сембекова Назгуль Толеулиновна. Талдықорған қаласы «Зүбән апа» балабақшасының жетекшілері  Нурпеисова Рауан Жапаровна, Ерәділқызы Бүрлен, Бейбіт Есенгүл, «Алпамыс Land» ЖСШ бөбекжайы және «Kapekova ASMI балабақшасы» ЖСШ балабақшасының жетекшісі Матаева Назым Толегеновна, «Nur-ai aducation» ЖСШ балабақшасының жетекшілері Кимадиева Жазира Турсынгалиевна, Саят Айя, Сайлаубаева Айжан Рустамқызы, Талдықорған қаласы «Медина-Ай» балабақшасы – Бекбаулиева Бахыт Кеулимжаевна. Жетісу облысы Ескелді ауданы Сырымбет ауылы Жұматай Жақыпбаев атындағы орта мектебі – Меден Айсулу, Еркін ауылдық округі №26 орта мектеп – Сартбаева Гүлсара, Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш қаласы «Артист» шығармашылық орталығының жетекшісі – Шамшадин Азамат Ерлікұлы, Талдықорған қаласының облыстық №1 «Балабақша-мектеп-интернат арнайы кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жетекшісі Жумагулова Замзагуль Барлыковна. «Өмеш» өнер орталығының директоры Рыскельдинова Айнаш Омирсадыковна, жетекшісі Қанапия Дамира Нұрланқызы, Қаратал ауданы Қаражиде ауылы Елтай атындағы орта мектебі «Береке» шығармашылық орталығының жетекшісі Лянова Жазира Алмиахуновна. «Бриллиант» шығармашылық орталығы жетекшісі Аздерова  Шолпан Мерекеновна, Алматы облысы Қарасай ауданы «ЖАЛЫН» би  ансамблі жетекшісі Дангазинова Арайлым  Талғатқызы, «Грация» би өнер мектебінің жетекшісі Гайдарова Джамиля Аликовна, Талдықорған қаласы оқушылар сарайы «Солнышко» үлгілі хореографиялық ансамблінің жетекшілері Толеутаева Айгуль Мамановна, Мордухова Лариса Борисовна. Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш қаласы «Сұраншы батыр» ауылындағы орта мектебі «Інжу-Маржан» би ансамблінің жетекшісі Балтабай Бану Жұмабайқызы. Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш қаласы «Талант» өнер орталығы  ансамбль «Шалқыма» жетекшісі Отарова Наргиз Турганжановна.
Бұл жетекшілердің ерен еңбектерін айтпасқа болмас. Маңдай термен еңбек етіп, әр баланың бойындағы асыл қасиеттерін көре білген білікті ұстаздарға айтар алғысымыз шексіз. Сондай-ақ «АРТСПОРТ» бағдарламасының жеткізушілері де дарынды балаларды анықтауға, өнер әлеміне жетелеп, тәй-тәй басқан әр қадамдарына шын қуана да, қайғыра білетін асыл жандар. Өнер – таусылмас байлық, қазына. Оны бала бойына дарытып, сақтай білу – үлкен әрі жауапкершілігі мол іс. Осы арада «АРТСПОРТ» бағдарламасының жеткізушілеріне, сонымен қатар жан-жақты қолдау көрсетіп, көмектерін аямайтын, «АРТСПОРТ» ассоциациясына «USHARKZ» қоғамдық қоры зор алғысын білдіреді. Өнерлі бала – өрге жүзеді десек, осындай байқаулар бала­лардың өнерін шыңдап, өмірге деген белсенділігін арттыратыны анық. Бұл байқаулардың жиі өтіп тұруы, өнерлі балапандарға тигізер пайдалары өте көп.

Айсана Советбай. 

Другие новости

От древности до нового времени

От древности до нового времени

Археологические раскопки могильника у поселка Самс...

  26.04.2024   90
Победитель конкурса «Серт» встретился с курсантами академии

Победитель конкурса «Серт» встретился с курсантами академии

Наш земляк, победитель республиканского конкурса д...

  26.04.2024   85
Талант в гармонии с миром

Талант в гармонии с миром

Когда говорят о художнике и скульпторе Ахате Манап...

  26.04.2024   162
Национальные ценности – основа воспитания

Национальные ценности – основа воспитания

Масштабное мероприятие на тему «Ұлттық құнды...

  24.04.2024   153
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.