Среда, 28 Октября 2026

«Таза бейсенбі»: Қарғалы өзен жағасына тазалық жұмыстары жүргізілді

«Таза бейсенбі»:  Қарғалы өзен жағасына тазалық жұмыстары жүргізілді

Аманаттықтар Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасына қолдау білдіріп, «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын жүзеге асырып келеді.

Әр бейсенбі сайын ұйымдастырылатын тазалық жұмыстары бұл жолы партия филиалының ықпалымен өзен жағаларын тазалады

Мәселен, бүгін Қарасай ауданына қарасты Райымбек ауылындағы Қарғалы өзенінің бойында тазалық жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмыстарына партияның аудандық филиалының ұжымы, «Жастар рухы» Жастар қанатының белсенділері мен еріктілері, партия белсенділері бір кісідей жұмылды.

«Тазалық сақтау керектігін барлық адам біледі. Алайда әдеп жоқ. Тазалайсың, келесі келсең тағы шашылып жатады. Сондықтан қала тұрғындарын тазалық мәдениетін сақтауға шақырамыз!», – дейді партияның аудандық филиалы төрағасы Қаныбек Айтжанов.

Өзен жағасына су құтылары, полиэтилен пакеттері, тіпті  мөшек қоқыстарын да төгіп кеткен. Акция аясында аманаттықтар өзен арнасының жағасын осы қоқыстардан тазарттып, 1 тоннадан аса қоқысты арнайы полигонға шығарды.

Айта кету керек, бүгінгі өткен акция аясында жылпы облыс бойынша 220 адам жұмылдырылып, 4,5 тонна қоқыс өзен жағалауларыннан тазартылды.

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Другие новости

Территории детского творчества

Территории детского творчества

Три показа юбилейного «Мульт-шоу», десятки репетиц...

  28.10.2026   101
От семейных традиций – к большим целям

От семейных традиций – к большим целям

В современном мире, где все меняется с невероятной...

  28.10.2026   99
Удар по зависимости

Удар по зависимости

Итоги работы наркологической службы Алматинской об...

  28.10.2026   86
С поля – на прилавок

С поля – на прилавок

Более 40 тонн продовольственной продукции представ...

  28.10.2026   80
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.