Алматы қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған стратегиялық маңызды нысан – Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығының ашылу рәсімі өтті.Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, сондай-ақ Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.Орталық COVID-19 пандемиясы кезіндегі мәселелерден сабақ ала отырып, денсаулық сақтау жүйесіндегі дайындық деңгейін арттыру, ғылыми әлеуетті дамыту, цифрлық шешімдерді енгізу және кадрларды дайындау мақс...