Денсаулық – әрбір адамның ең қымбат байлығы. Оны сақтаудың ең тиімді тәсілдерінің бірі – жұқпалы аурулардың алдын алу. Екпе тек вакцина алған адамның өзін ғана емес, бүкіл қоғамды қорғайды. Бұл құбылыс ұжымдық иммунитет деп аталады. Халықтың 80–95 пайызы белгілі бір инфекцияға қарсы иммунитет қалыптастырғанда, ауру қоздырғышының таралуы күрт төмендейді. Бұл туралы Қонаев көпсалалы аруханасының балалар дәрігері Мақпал Емілқызы баспасөз мәслихатында айтты.Қазақстан Республикасының Үкіметінің № 612 қаулысына сәйкес, әрбір бала Ұлттық профилактикалық екпе күнтізбесіне сәйкес вакцина алуы тиіс. Бұл...