2-3 қыркүйек күндері 26 мемлекеттен 130 үміткер қатысқан Грекияда өткен ІІ Халықаралық экономика олимпиадасының қорытындысы бойынша Талғар ауданы “Дана” жекеменшік мектебінің оқушысы Ильжанов Жангир үздік нәтижемен топ-ондыққа еніп, 5 орынға орналасты және 1 орын жүлдегері атанды. Сонымен қатар, олимпиадаға қатысқан Азия мемлекеттері арасынан ең жоғарғы көрсеткіш көрсетті.“Дана” жекеменшік мектебін және Ильжанов Жәңгірді жүлделі орнымен құттықтаймыз!Алматы облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.