Четверг, 29 Октября 2026

Алматы облысында мемлекеттік қаржыны жымқырудың бірнеше фактісі әшкереленді

Алматы облысында мемлекеттік қаржыны жымқырудың бірнеше фактісі әшкереленді

Облыста мемлекеттік субсидияларды заңсыз иемдену мен жалған құжаттар ұсыну арқылы жасалған 6 қылмыс тіркеліп, жалпы шығыны 653 миллион теңгені құрады.

Бұл туралы экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Данияр Қыдыралиев баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, тексеріс барысында агроөнеркәсіп кешенінде мемлекет қаражатын жымқырудың жүйелі схемалары анықталды. Мәселен, ет өңдеу зауытының жобалау-сметалық құжаттарын қолдан жасау арқылы 205 миллион теңге көлемінде мемлекеттік субсидия алған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сол серіктестік жалған құжаттар арқылы құрылғының өндірістік қуаты туралы ақпаратты бұрмалап, 63 миллион теңге субсидия алған.

Бұдан бөлек, ауылшаруашылық кооперативінің басшысы мал басының саны туралы жалған ақпарат ұсынып, 50 миллион теңге субсидия алған және оларды жеке депозиттік шотқа орналастырып, түскен дивидендтерді өз қажеттілігіне жұмсаған.

Білім беру саласында да ұқсас жағдайлар анықталды. Жеке балабақшалардың басшылары балаларды жалған тіркеу арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бөлінген бюджет қаражатын жымқырған.

Мемлекет қаражатын жымқыруды болдырмау мақсатында Алматы облысының әкімдігі Іле және Жамбыл аудандарындағы балабақшаларды Face ID функциясы бар құрылғылармен жабдықтады. Бұл балалардың нақты есебін жүргізуге және болашақта ұқсас заңбұзушылықтарды болдырмауға мүмкіндік береді деп атап өтті спикер.

"Коммуналдық қызметтер мен әлеуметтік маңызы бар тауарларды сатып алу кезінде қажетсіз делдалдарды болдырмау үшін белсенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл мемлекеттік бюджеттің ақшасын үнемдеу және оны дұрыс пайдалану мақсатында жасалып жатқан шаралар", - деді Данияр Қыдыралиев.

Еске сала кетейік, экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтар болған жағдайда, қаржылық мониторинг агенттігінің 1458 сенім телефонына немесе «АФМ Insider» телеграм ботына хабарласа алады.

Другие новости

Казахстан вошел в топ-50 стран по общественной безопасности

Казахстан вошел в топ-50 стран по общественной безопасности

Казахстан занял 41-е место среди 143 стран и терри...

  28.10.2026   113
Стройка на благо страны

Стройка на благо страны

Нынешнее Послание Президента страны стало конкретн...

  28.10.2026   140
Цифровые возможности для каждого

Цифровые возможности для каждого

Сегодня молодой человек, живущий в небольшом селе,...

  28.10.2026   132
Поставлены новые задачи

Поставлены новые задачи

Ежегодное Послание Президента Республики уже с уве...

  28.10.2026   148
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.