Пятница, 25 Сентября 2026

Алматы облысында соғыс ардагерлеріне 20 миллион теңге берілді

Алматы облысында соғыс ардагерлеріне 20 миллион теңге берілді

Алматы облысында Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден біржолғы әлеуметтік төлем берілді. Яғни, әр ардагерге 10 мың АҚШ долларынан тиесілі – деп хабарлайды Алматы облысының әкімінің баспасөз қызметі.

Өңірде сұм соғысты көзбен көрген 4 майдангер бар. Олардың ең үлкені – 103 жастағы Тәңірберген Толғанбаев. Іле ауданының тұрғыны 1942 жылы соғысқа аттанып, Сталинград шайқасына қатысқан. Ал, Ұйғыр ауданының 102 жастағы тұрғыны Алим Кебиров Белорусь шайқасында Белгород қаласын азат етуге қатысып, жараланған. Соған қарамастан 1943 жылы майдан даласына қайта оралып, Украина жерінде соғысқан. Еңбекшіқазақ ауданында тұратын Солтанбай Жарықбасов қазір 101 жаста. Алматы облысындағы тағы бір ардагер –  Федор Ковалевтың жасы 98-де. Жамбыл ауданында тұратын батыр тұлға 1945 жылы Жапон соғысына да қатысқан.

Отан үшін отқа түскен ардагерлерге Алматы облысы әкімдігі тарапынан жүйелі түрде қолдау көрсетіліп келеді. Олардың тұрмыстық және әлеуметтік жағдайын, сондай-ақ денсаулығын  жақсартуға бағытталған шаралар да мемлекет назарында. Батырлар жылда шипажайда ем алады және үнемі дәрігерлердің бақылауында.

Бұдан бөлек, облыстағы 2 038 тыл еңбеккерінің әрқайсысына әкімдік тарапынан 64 875 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, Ленинград қаласының қоршауы кезінде еңбек еткен және тиісті марапаттарға ие болған өңірдегі 2 азаматқа 86 500 теңгеден біржолғы төлем қарастырылған.

Зұлмат жылдары фашистік концлагерьлерде, геттоларда және өзге де мәжбүрлі ұстау орындарында болған азаматтарға да 64 875 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі.

Другие новости

Брак на столетие

Брак на столетие

Изображение сгенерировано ИИПокупка атомной станци...

  24.09.2026   136
Международный AI-хакатон HackAlem AI в Астане установил мировой рекорд GUINNESS WORLD RECORDS

Международный AI-хакатон HackAlem AI в Астане установил мировой рекорд GUINNESS WORLD RECORDS

На AI Month в Астане HackAlem AI установил мировой...

  24.09.2026   185
Строительство АЭС создаст более 10 тысяч рабочих мест

Строительство АЭС создаст более 10 тысяч рабочих мест

Больше 10 тысяч работников может потребоваться на...

  24.09.2026   140
Атом энергетикасының болашағын кім қалыптастырады және әлем елдері қандай технологияларды таңдайды?

Атом энергетикасының болашағын кім қалыптастырады және әлем елдері қандай технологияларды таңдайды?

Әлемдік атом энергетикасы жаңа даму кезеңіне кіріп...

  24.09.2026   104
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.