Пятница, 25 Сентября 2026

Белгілі қаламгер Сәуле Досжанмен кездесу өтті

Белгілі қаламгер Сәуле Досжанмен кездесу өтті

Алматы облысының Ұйғыр ауданында белгілі қаламгер Сәуле Досжанмен кездесу өткізілді. Рухани кешке ауыл тұрғындары, ұстаздар мен оқушылар, ауылдан түлеп ұшқан түлектер қатысты. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев те тағылымды жүздесуге арнайы барып, Сәуле Мағазбекқызының елеулі еңбегін айрықша атап өтті, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Марат Елеусізұлы қаламгердің туған жерге деген жанашырлығы мен жас ұрпаққа көрсетіп жүрген қамқорлығы көпке үлгі екенін айтты. Сондай-ақ елдің рухани дамуына үлес қосқан еңбегі қашанда құрметке лайық екенін жеткізді.

ҚР Мәдениет қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын, жазушы, журналист Сәуле Досжан – қазақ прозасында өзіндік үні, нәзік лиризмі мен терең психологиялық иірімдері арқылы танылған қаламгер. «Үшінші есіктің құпиясы», «Жатқа туған бала», «Үлкен үйдегі үрей», «Қасірет пен тағдыр», «Ауылдан шыққан миллионер», «Үзілмеген үміт», «Біртуар» және өзге де прозалық шығармаларын оқырман сүйіп оқиды. Туындылары орыс, испан, неміс, қытай, ағылшын, араб, француз, венгер, түрік, чех және қырғыз тілдеріне аударылған. Онда адам жанының құпиясы, әйел тағдыры, отбасы құндылығы мен ұлттық болмыс айрықша көрініс табады.

Жыл сайын туған ауылы Ақтамға келіп, өзі білім алған мектептегі талапты, талантты шәкірттерге қолдауын білдіріп, шәкіртақысын беруді дәстүрге айналдырған. Биыл да 32 оқушы Сәуле Мағазбекқызының қолынан марапат алды. Олардың барлығы да – пән олимпиадалары мен әдеби оқу байқауларының, ғылыми зерттеу жобаларының жеңімпаздары. Сондай-ақ қаламгер ауылдағы мектептің жаңаруына, медпункттың салынуына атсалысқан.

Шара барысында Сәуле Досжанның өлеңдері оқылып, өмір жолынан сыр шертетін театрландырылған көрініс қойылды. Аудан өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, әуезді әуенді төгілтті.

«Туған жерге туыңды тік» дейді дана халқымыз. Туып-өскен жеріңнің көркейіп-гүлденуіне үлес қосу – әрбір перзенттің парызы. Сондықтан Сәуле Досжанның өнегелі ісі көпшілікке үлгі, құрметке лайық.

Другие новости

Брак на столетие

Брак на столетие

Изображение сгенерировано ИИПокупка атомной станци...

  24.09.2026   136
Международный AI-хакатон HackAlem AI в Астане установил мировой рекорд GUINNESS WORLD RECORDS

Международный AI-хакатон HackAlem AI в Астане установил мировой рекорд GUINNESS WORLD RECORDS

На AI Month в Астане HackAlem AI установил мировой...

  24.09.2026   185
Строительство АЭС создаст более 10 тысяч рабочих мест

Строительство АЭС создаст более 10 тысяч рабочих мест

Больше 10 тысяч работников может потребоваться на...

  24.09.2026   140
Атом энергетикасының болашағын кім қалыптастырады және әлем елдері қандай технологияларды таңдайды?

Атом энергетикасының болашағын кім қалыптастырады және әлем елдері қандай технологияларды таңдайды?

Әлемдік атом энергетикасы жаңа даму кезеңіне кіріп...

  24.09.2026   104
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.