Среда, 28 Октября 2026

Алматы облысында «Кеген – Нарынқол» автожолы жаңарып, жаңа жанар-жағармай бекеті ашылды

Алматы облысында «Кеген – Нарынқол» автожолы жаңарып, жаңа жанар-жағармай бекеті ашылды

Республика күніне орай Алматы облысында жол инфрақұрылымын дамыту және жол бойындағы қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған қос бірдей жоба халық игілігіне берілді. Алдымен республикалық маңызы бар, 74 шақырымға созылған «Кеген – Нарынқол» автомобиль жолының орташа жөндеу жұмысы толық аяқталып, көлік қозғалысы басталды. Сондай-ақ «Алматы – Кеген» автомагистралінің бойында «Compass Group» жанар-жағармай бекеті ашылды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңарған жол жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, көлік қозғалысының қолайлылығын арттырады. Күн сайын бұл бағытта 1200-ден астам көлік қатынайды. Жоба құны – 8,1 млрд теңге. Құрылыс жұмысына 350 мың тонна құм-қиыршықтас және 165 мың тонна асфальтбетон қоспасы пайдаланылды. Сонымен қатар жол бойындағы 14 аялдама жөнделіп, 78 жол қиылысы мен кірме жол ретке келтірілді. Су өткізу жүйесін жақсарту мақсатында алты құбыр орнатылды.

Жолдың салтанатты ашылу рәсіміне игі жобаны іске асырған жұмысшылар, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының өкілдері, облыс, аудан басшылығы мен жергілікті тұрғындар қатысты. Алғашқы болып құттықтау сөз сөйлеген Алматы облысының әкімі сапалы жол экономиканы өркендетіп, халықтың тұрмыс деңгейіне әсер ететін басты негіз екенін атап өтті.

«Аталған бағыт шалғайда жатқан қос ауданның елді мекендерін жалғап қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімдерін үздіксіз тасымалдауға, туризмнің дамуына және аймақтағы экономикалық байланысты нығайтуға тікелей ықпал етеді. Ең бастысы, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қатынауына жағдай жасалды. Ендігі кезекте жолдың күтімін сақтап, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды. Атқарылған жұмыстың игілігін ел-жұрт ұзақ жылдар бойы көруі қажет», – деді Шыңғыс Әрінов.

Соңғы екі жылда «ҚазАвтоЖол» Алматы облысындағы жол инфрақұрылымын дамытуға 32 млрд теңге қаржы бөлді. Соның арқасында 400 шақырым жол жаңартылды. Қазіргі таңда «Алматы – Қаскелең» автомобиль жолы 4-тен 8 жолаққа кеңейтіліп жатыр. Жыл соңына дейін «Алматы – Талғар» бағытында жөндеу жұмысын бастау жоспарланып отыр.

Өңірге келетін туристер санын арттыру, демалушыларға қолайлы жағдай жасау бағытында іске асырылған маңызды жобаның бірі – жаңа жанар-жағармай бекетінің ашылуы. Салтанатты рәсімде Алматы облысының әкімі құттықтау сөз сөйлеп, аудан халқына заманауи кешенді тарту еткен азаматтарға ризашылығын білдірді.

«Бизнес өкілдерінің мұндай бастамалары сапалы сервистің дамуына, бәсекелестіктің өсуіне және жергілікті экономиканың жандануына жол ашатын маңызды қадам. Алдағы уақытта да кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру және заманауи инфрақұрылым нысандарының санын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетін болады. Бүгінгі ашылып отырған «Compass Group» кешені Алматы – Кеген бағытымен қатынайтын жолаушылар үшін сенімді аялдамаға айналып, қызмет көрсету мәдениетін жаңа деңгейге шығарады деп сенеміз», – деді Шыңғыс Сайранұлы.

Кешеннің жалпы аумағы 2 гектарды құрайды. Мұнда жанармай құю станциясы, экспресс-маркет, дәмхана және демалыс аймағы бар. Жоба құны 3 млрд теңгеге жуықтайды. Қазір бекетте 80 азамат тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Другие новости

Казахстан вошел в топ-50 стран по общественной безопасности

Казахстан вошел в топ-50 стран по общественной безопасности

Казахстан занял 41-е место среди 143 стран и терри...

  28.10.2026   99
Стройка на благо страны

Стройка на благо страны

Нынешнее Послание Президента страны стало конкретн...

  28.10.2026   129
Цифровые возможности для каждого

Цифровые возможности для каждого

Сегодня молодой человек, живущий в небольшом селе,...

  28.10.2026   121
Поставлены новые задачи

Поставлены новые задачи

Ежегодное Послание Президента Республики уже с уве...

  28.10.2026   137
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.