Пятница, 18 Сентября 2026

ІЛЕ АУДАНЫ ЛИГАСЫНДА 3-ТУРДЫҢ ТАРТЫСТЫ ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ

ІЛЕ АУДАНЫ ЛИГАСЫНДА 3-ТУРДЫҢ ТАРТЫСТЫ ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ

Іле ауданында аудандық футбол лигасының 3-туры жоғары қарқынмен өтіп, жанкүйерлерге тартысты ойындар мен әсерлі сәттер сыйлады. Тур барысында командалар жасыл алаңда өзара мықтыны анықтап, турнир кестесіндегі орындарын жақсарту үшін бар күшін салды.

Тур қорытындысы бойынша «Байкент» командасы «Өтеген батыр» ұжымын 1:0 есебімен жеңсе, «Ащыбұлақ» командасы «Ақши» қақпасына 5 гол соғып, 5:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Сонымен қатар, «Байсерке» командасы «Боралдайды» 5:2 есебімен ұтып, нәтижелі ойын көрсетті. Ал «Ақсай» командасы «А.Тоқпанов» құрамасын 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Бұл турда «Қараой» командасы демалыс алды.

Аудандық футбол лигасы — бұқаралық спортты дамытуға, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және ауыл командалары арасындағы достық пен бәсекелестікті арттыруға бағытталған маңызды спорттық алаңдардың бірі.

Турнир жалғасады. Алда жанкүйерлерді бұдан да қызықты кездесулер күтеді.

Другие новости

В горных районах Алматинской области развивается туристическая инфраструктура

В горных районах Алматинской области развивается туристическая инфраструктура

В Райымбекском районе Алматинской области ведется...

  17.09.2026   158
Азарт и командный дух

Азарт и командный дух

В Балхашском районе продолжается работа по вовлече...

  16.09.2026   178
Золото мирового ринга

Золото мирового ринга

Талгарские спортсмены все увереннее заявляют о себ...

  16.09.2026   192
Спортсмены Алматинской области в числе лучших

Спортсмены Алматинской области в числе лучших

Пять наград завоевали спортсмены Алматинской облас...

  14.09.2026   271
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.