Суббота, 29 Августа 2026

РУХЫ АСҚАҚ СПОРТШЫЛАР

РУХЫ АСҚАҚ СПОРТШЫЛАР

Бүгін Қонаев қалалық көпсалалы колледждің спорт залында Тірек қимыл аппараты заңдылығынан және көру қабілеті төмен спортшылар арасында Алматы облысының VI Паралимпиада ойындарының үшінші, яғни қорытынды ойындары болып өтті. Бұл ойындардың бірінші кезеңі  Қаскелең қаласында дзюдо, паратаэквондо, үстел тенисінен ұйымдастырылса, екінші кезеңі Талғар ауданы Панфилов ауылында жеңіл атлетика мен жүзуден жалғасын тапқан болатын.

Қонаев қаласында жарыс туын көтерген ойынға спортшылар параволейбол және паэрлифтинг сияқты спорт түрлерінен сынға түсті. Бұл жолғы Паралимпиада ойындарының бағдарламасында спортшылар алғаш рет отырып волейбол ойнады, сонымен қатар штанга көтеруден қыздар мен жігіттер өзара бәсекеге түсіп, жарыс көрігін қыздырды.

Жарыстың Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облыстық бұқаралық  іс – шаралар өткізу орталығы және Алматы облыстық дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спортты дамыту дирекциясы ұйымдастырды.

Жарыс қорытындысы бойынша волейболдан Қарасай ауданының командасы 1 – орынды, 2 –  орынды Қонаев қаласының спортшылары, 3 – орынды Еңбекшіқазақ ауданының командасы еншіледі.

Пауэрлифтингтен әйелдер арасында салмақ дәрежелері бойынша: 50 келіге дейін І орын иегері Г. Нуралиева, 55 келіге дейін ІІ орын иегері А. Ряпова және І орын иегері М. Амутова, 61 келіге дейін І орын иегері А. Молгаждар, 79 келіге І орын иегері З. Ибрагимова, 86 келіден кейін І орын иегері Д. Дюсенаева жеңімпаздар деп танылды.

Пауэрлифтингтен ерлер арасында салмақ дәрежелері бойынша: 54 келіге дейін І орын иегері А. Химитов, 59 келіге дейін І орын иегері А. Нуралиев, 65 келіге дейін І орын иегері Р. Ким және ІІ орын иегері Е. Қанатов, 72 келіге дейін І орын иегері Ж. Бердыбаев және ІІ орын иегері П. Амаров және ІІІ орын иегері С. Савиных, 80 келіге дейін І орын иегері М. Абишев және ІІ орын иегері Н. Кенжебеков және ІІІ орын иегері Ф. Насыров, 88 келіге дейін І орын иегері С. Алимходжаев, 97 келіге дейін І орын иегері Ж. Алияков, 107 келіге дейін І орын иегері М. Нурмагамбетов және ІІ орын иегері Р. Тунгушбаев, 107 келіден кейін І орын иегері Ж. Есенбаев және ІІ орын иегері Т. Ходжамуратов жеңімпаздар деп танылды.

Жеңіс тұғырынан көрінген командаларға арнайы кубоктар жүлделі тұғырды бағындырған спортшыларға медальдар тапсырылды.

Бүгінгі өткізілген жарыстың басты мақсаты сәуір айының соңында Астана, Ақтөбе, Алматы қалаларында өтетін республикалық VI Паралимпиада ойындарына облыстың құрама командасын жасақтау болды. Өздеріңіз көргендей топ жарып шыққан рухтары асқақ жеңімпаз жігіттер мен қыздар республикалық чемпионатта облыс намысын қорғайтын болады, – деді Алматы облыстық дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спортты дамыту дирекциясының директоры Нұрдәулет Құлсейітов.

Другие новости

35 лет без ядерных испытаний: как изменился Семипалатинский полигон

35 лет без ядерных испытаний: как изменился Семипалатинский полигон

Полигон закрыт уже 35 лет. Казахстан прошел путь о...

  28.08.2026   151
Әлеуметтік желілерде Қазақстан азаматтарының банктік депозиттер бойынша төленетін сыйақыға 5% салық ингизу туралы ұсыныс пайда болды деген ақпарат тарап жатыр

Әлеуметтік желілерде Қазақстан азаматтарының банктік депозиттер бойынша төленетін сыйақыға 5% салық ингизу туралы ұсыныс пайда болды деген ақпарат тарап жатыр

Жариланымда әңгіме депозиттиң негізгі сомасы емес,...

  28.08.2026   178
В социальных сетях содержится информация о предложении предложить ввести 5%-ный налог на вознаграждение по банковским депозитам казахстанцев

В социальных сетях содержится информация о предложении предложить ввести 5%-ный налог на вознаграждение по банковским депозитам казахстанцев

В публикациях утверждается, что речь идет не о сам...

  28.08.2026   171
ПОРА ВЫХОДИТЬ ИЗ РЕЖИМА МҰҢ (ПЕЧАЛИ)

ПОРА ВЫХОДИТЬ ИЗ РЕЖИМА МҰҢ (ПЕЧАЛИ)

Рисунок создан ИИВ последние дни Президент Касым-Ж...

  27.08.2026   138
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.