Четверг, 04 Декабря 2025

Тек қана қыздар

Тек қана қыздар
Иә, иә біздің сыныпта тек қана қыздар оқиды. Мен болашақта журналистика мамандығын таңдап отырғандықтан, баспа беттеріне ұсынып жүрген мақалаларымның бірі ретінде өз сыныбым жайлы жазуды жөн көрдім.
Әңгімемді сәл әріден бастасам, біз 7-сыныпты аяқтаған кезде мектебімізге гимназия статусы беріліп, гимназия сыныптарына іріктеу жүргізілді. Сайдың тасындай іріктелген, өз білмдеріне сенімді оқушылар бір сынып болып жинақталдық. Әр сыныптан және басқа мектептен келген оқушылар бастапқыда бірінен – бірі оза түскісі келіп жарыса кетті. Әйтсе де, уақыт өте келе тіл табысып, бауыр басып кеттік. Осылай екі жылдан соң 9-сыныпты 23 оқушы (9 ұл,14 қыз) болып аяқтадық. Сыныптағы 9 ұлдың алтауы колледжге түсіп, өз білімдерін дәлелдеп, грант иегері атанды, қалған үш ұл жаратылыстану бағытын таңдап, басқа сыныпқа көшті. Солай 10 «А» сыныбында 12 қыз қалдық.
Біз қандай сыныппыз?
Біз - білімдіміз! Сыныбыздағы Айзере Таңатар «Жыл оқушысы» атанып, облыс әкімінің Алғыс хатын және 100 мың тенге ақшалай марапатын иелінді. Аудандық пән олимпиадаларында жүлделі орындарды иеленгендер: Ақбота Қуаныш – құқық негіздері, Аружан Әбілхан орыс тілінен, Алина Алмабек тарих пәнінен, Дана Манат ағылшын тілі пәнінен. Облыстық деңгейдегі байқауларға қатысып Ақерке Рысдавлет «Төлеген Айбергенов» оқуы, Талшын Садикен мен Айым Әбділдаева облыстық «Абай оқулары» байқауында ән мен өлең оқудан өз шеберліктерін танытып келді.
Біз - сегіз қырлы өнерліміз! Ауданымыздағы Мәдениет үйіндегі би үйірмесіне Толғанай Таласбаева мен Қарақат Еркінбек қатысады. «Өрлеу» шығармашылық орталығында фортепиано және тігін өнеріне қызығушылық танытқан Айзере Таңатар шеберлігінде шек жоқ. Ал бейнелеу өнеріне бала күннен жаттығып жүрген қылқалам шеберіміз Ару Еркінқызы өз туындыларын республикалық, облыстық деңгейдегі байқауларда көрсетіп, өз бағасын алды. Ауданымыздағы мәдени іс-шараларда белсенділік танытып жүретін Дина Айтбақының ұйымдастырушылық қабілеті, актерлік шеберлігі мен дикторлық бейімі басым.
Біз - белсендіміз! Мектеп ішінде де біздің қыздарсыз іс-шара өтпейді. Себебі мектебіміздегі «Жас ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының Президенттері екі жыл қатар осы сыныптан болды, олар: Алина Алмабек мен Талшын Садикен. Өзін-өзі басқару ұйымындағы 8 фракцияның барлығында біздің қыздар жетекшілік етеді. Ұйымшылдығымыздың арқасында кез келген істі тыңғылықты, жақсы абыроймен алып шығамыз. Әрине, қателеспейтін адам болмайды, бірақ біз өз қателіктерімізге мойымай, керісінше сол қателіктен сабақ алдық.
Біздің сыныптың жұмысын ауыз толарлықтай мақтап айтуға болатынының дәлелі аудандық сынып жетекшілер байқауында сынып жетекшіміз қатысып, оза шауып, үздік танылып, облыстық «Үздік сынып жетекші-2023» байқауында «Жаңашыл үздік сынып жетекші» атанып келді. Біздің осындай сынып болып отырғанымызға себепші бірден бір жан-сынып жетекшіміз Майгүл Тұңғышбаева Нурақынқызы. Біз әрдайым сынып жетекшімізден үлгі аламыз. Апайымыз ізденуден жалыққан емес, қай кезде болмасын шығармашылықпен жұмыс жасап жүреді, бізге де үнемі қолдау беріп, ынталандырып отырады. Сынып жетекшіміздің жұмысы еленіп, облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған, аудандық «Педагогикалық идеялар» байқауының 1-орын иесі. Өз мамандығын жүрегімен сүйіп, балалардың жанын түсінетін, ата-аналармен де жақсы қарым-қатынас жасай білетін жан-жақтылығының арқасында ортасында сыйлы жан.
Міне, айта берсем жетістігіміз әлі де көп. Келесі жылы 11-сыныпқа қадам басып, мектеп кездегі қызықты балалық шақты аяқтайын деп отырмыз. 11 жыл алған білімімізді дәлелдеп, грант иегері атанып, таңдаған мамандықтарымыздың көшбасшысы болу - біздің басты мақсатымыз. Бізді білім нәрімен сусындатып, қанатымызды қағуға үлес қосқан барша аяулы ұстаздарымызға алғысымыз шексіз. Болашақта бәрінің үмітін ақтауға тырысамыз.
Ақерке Рысдавлет,
«Абай атындағы
мектеп-гимназиясы» КММ 10 «А» сынып оқушысы,
Шонжы ауылы, Ұйғыр ауданы.

Другие новости

Шоу продолжается!

Шоу продолжается!

Начать новый год ярко и необычно жители региона см...

  04.12.2025   105
Іле ауданында «AMANAT» партиясы фракциясының отырысы өтті

Іле ауданында «AMANAT» партиясы фракциясының отырысы өтті

Іле аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының д...

  04.12.2025   113
АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ

АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ

«AMANAT» партиясы  Іле  аудандық  ф...

  04.12.2025   113
Время пить чай

Время пить чай

На прилавках многих супермаркетов и магазинов у до...

  03.12.2025   139
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.