Суббота, 29 Августа 2026

Алматы облысында құрбан шалатын 29 орын бекітілді

Алматы облысында құрбан шалатын 29 орын бекітілді

Күллі мұсылман қауымы күткен Құрбан айт мерекесінің басталуына санаулы күндер қалды. Бірлік пен береке, мейірім мен қайырымдылық салтанат құратын рухани мейрам биыл 27 мамырға сәйкес келеді. Бұл туралы Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шешіміне сәйкес, Арапа күні 26 мамырға тұспа-тұс келеді. Ал 27 мамыр — Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні.
Алматы облысының бас имамы Мадияр Пірімқұловтың айтуынша, құрбан шалу рәсімі 27 мамыр күні айт намазы оқылғаннан кейін басталып, 29 мамыр кешкі ақшам намазына дейін жалғасады. Айт намазы облыс аумағындағы мешіттерде таңғы сағат 06:00-де оқылады.
Айт күндері жасалатын ең сауапты амалдардың бірі — құрбан шалу. Шариғат бойынша шамасы жеткен, балиғат жасына толған әрбір мұсылманға құрбан шалу міндеттеледі. Осыған байланысты өңірде арнайы 29 мал сою орны бекітілген.
Алматы облысы Дін істері басқармасының басшысы Ерғали Көшекенің мәліметінше, аталған нысандарға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы тарапынан тексеру жүргізіліп, олардың ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігі жан-жақты зерделенген. Нәтижесінде барлық бекітілген орындар талапқа сай деп танылған.
Сондай-ақ, Құрбан айт кезінде санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мал сою орындарына жауапты ветеринариялық-санитариялық инспекторлар бекітілген.
Мамандардың айтуынша, мешіттер ветеринариялық бақылау нысандарына жатпайтындықтан, онда мал союға рұқсат етілмейді.

«Құрбандық шалу ветеринариялық бақылау және қадағалау талаптарына сай арнайы мал сою орындарында жүргізілуі тиіс», — деп атап өтті  ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Даурен Тойбаев.
Құрбандық шалатын орындарға бірқатар санитариялық талап қойылады. Атап айтқанда, мал тек арнайы белгіленген орындарда сойылуы қажет. Сонымен қатар, тазалық талаптары қатаң сақталып, лас әрі шаң-тозаңды жерлерде мал союға жол берілмейді. Мал сою пункттерінде міндетті түрде су жүйесі болуы тиіс. Ең бастысы — сойылатын малдың ветеринариялық анықтамасы болуы шарт.
Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алтынай Раймбекованың сөзінше, талаптардың сақталмауы сібір жарасы, бруцеллез, лептоспироз, сальмонеллез секілді қауіпті жұқпалы аурулардың таралуына себеп болуы мүмкін.
Мамандардың айтуынша,  мұндай талаптар тұрғындардың денсаулығын сақтау, мал ауруларының алдын алу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған

Другие новости

Закрытие ядерного полигона, или еще один шаг к независимости

Закрытие ядерного полигона, или еще один шаг к независимости

35 лет назад, 29 августа 1991 года, был подписан У...

  28.08.2026   76
35 лет без ядерных испытаний: как изменился Семипалатинский полигон

35 лет без ядерных испытаний: как изменился Семипалатинский полигон

Полигон закрыт уже 35 лет. Казахстан прошел путь о...

  28.08.2026   217
Әлеуметтік желілерде Қазақстан азаматтарының банктік депозиттер бойынша төленетін сыйақыға 5% салық ингизу туралы ұсыныс пайда болды деген ақпарат тарап жатыр

Әлеуметтік желілерде Қазақстан азаматтарының банктік депозиттер бойынша төленетін сыйақыға 5% салық ингизу туралы ұсыныс пайда болды деген ақпарат тарап жатыр

Жариланымда әңгіме депозиттиң негізгі сомасы емес,...

  28.08.2026   221
В социальных сетях содержится информация о предложении предложить ввести 5%-ный налог на вознаграждение по банковским депозитам казахстанцев

В социальных сетях содержится информация о предложении предложить ввести 5%-ный налог на вознаграждение по банковским депозитам казахстанцев

В публикациях утверждается, что речь идет не о сам...

  28.08.2026   207
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.