Суббота, 26 Сентября 2026

«ЕРКІН ЖОЛ ЖҮРУ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ

«ЕРКІН ЖОЛ ЖҮРУ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ

Алматы облысы Іле ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Өтеген батыр ауылы әкімдігі және Іле ауданының Полиция басқармасымен бірлесіп, республикалық «Еркін жол жүру» акциясы аясында профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметтерінің арнайы техникаларының оқиға орнына кедергісіз әрі жедел жетуін қамтамасыз ету.

Рейд барысында арнайы техникалардың қозғалысына кедергі келтірген бетон конструкциялары алынып тасталды. Сонымен қатар тұрғындарға көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберіс жолдарын автокөліктермен бөгемеудің, арнайы техникаларға арналған жолдарды әрдайым бос ұстаудың маңыздылығы түсіндірілді.

Мамандар төтенше жағдай кезінде әрбір минуттың маңызды екенін атап өтіп, тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға және арнайы қызметтердің жұмысына кедергі келтірмеуге шақырды. Мұндай профилактикалық шаралар аудан аумағында алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Другие новости

Уважение начинается со знания

Уважение начинается со знания

Как правильно разместить Государственный Флаг и Ге...

  24.09.2026   251
Данные помогают принимать более точные решения

Данные помогают принимать более точные решения

В работе депутатов и государственных органов ежедн...

  24.09.2026   139
Цифровые знания нужны не только IT-специалистам

Цифровые знания нужны не только IT-специалистам

Цифровизация постепенно затрагивает практически вс...

  24.09.2026   139
Новые сервисы сокращают время обработки информации

Новые сервисы сокращают время обработки информации

Работа с обращениями граждан занимает значительную...

  24.09.2026   119
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.