Среда, 05 Августа 2026

Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әл-ауқат индексінде көш бастады

Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әл-ауқат индексінде көш бастады

Ұлыбританияның Legatum Institute сараптамалық орталығы Prosperity Index (Әл-ауқат индексі) рейтингінің жаңа шығарылымын жариялады. Рейтинг елдерді экономикадан бастап азаматтардың жеке бостандықтарына дейінгі ондаған көрсеткіш бойынша бағалайды.
Жаңартылған рейтингте Қазақстан әлем бойынша 66-орынға тұрақтады. Осылайша ел посткеңестік Орталық Азия мемлекеттері арасында ең жоғары көрсеткішке ие болды.
Аймақтағы өзге елдердің көрсеткіштері төменірек. Қырғызстан 87-орынға, Өзбекстан 94-орынға жайғасса, Түрікменстан 150-орынмен өңірдегі тізімді түйіндеді. Биыл Қазақстан мен Орталық Азиядағы басқа мемлекеттердің арасындағы айырмашылық айтарлықтай ұлғайған.
Қазақстан осы рейтингке қатысқан жылдары ең жоғары 63-орынға көтерілген. Бұл – ел тарихындағы ең үздік нәтиже. Ал ең төменгі көрсеткіші 82-орын болған. Барлық бақылау кезеңіндегі Қазақстанның орташа көрсеткіші шамамен 72-орын деңгейінде.
Индекс нені бағалайды?
Prosperity Index үш негізгі бағыт бойынша қалыптастырылады. Бірінші бағыт ел экономикасы мен халықтың өмір сүру сапасын қамтиды. Екіншісі азаматтардың жеке бостандықтарының деңгейін бағалайды. Үшінші бағыт қоғамның жай-күйі мен әлеуметтік байланыстардың беріктігін саралайды.
Бағалау барысында денсаулық сақтау, білім беру, инвестициялық ахуал және басқа да ондаған көрсеткіш ескеріледі. Legatum Institute жыл сайын рейтингпен бірге Қазақстанға қатысты толық талдауды да жариялап отырады.
Халықаралық деңгейде мойындалған рейтинг
Legatum Institute экономика мен әлеуметтану салаларын ұштастыра зерттейтін беделді сараптамалық орталықтардың бірі саналады. Prosperity Index 2007 жылдан бері жарияланып келеді және бүгінде әлемнің 167 елін қамтиды.
Индекс әдістемесін Дүниежүзілік банк пен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) сарапшылары да өздерінің елдік шолуларын әзірлеу кезінде пайдаланады.
Қазақстанның көрсеткіші жақсарды
2011 жылдан бері Қазақстан рейтингте 17 сатыға көтерілді. Ең үлкен ілгерілеу денсаулық сақтау саласында байқалған. Сарапшылар бұл көрсеткіш бойынша соңғы онжылдықтағы өсім индекс санаттарының ішіндегі ең жоғары нәтижелердің бірі екенін атап өтті.
Сондай-ақ Legatum Institute сарапшылары Қазақстанның білім беру жүйесі мен экономикалық сапа көрсеткіштері бірнеше жылдан бері елдің басты артықшылықтарының қатарында тұрақты сақталып келе жатқанын мәлімдеді.
 

Другие новости

Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әл-ауқат индексінде көш бастады

Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әл-ауқат индексінде көш бастады

Ұлыбританияның Legatum Institute сараптамалық орта...

  05.08.2026   54
Казахстан возглавил рейтинг благополучия среди стран Центральной Азии

Казахстан возглавил рейтинг благополучия среди стран Центральной Азии

Британский аналитический центр Legatum Institute о...

  05.08.2026   51
В Казахстане с начала лета открылись 70 реконструированных железнодорожных вокзалов

В Казахстане с начала лета открылись 70 реконструированных железнодорожных вокзалов

В Казахстане с начала лета после масштабной реконс...

  04.08.2026   120
Сладкий урожай у подножия гор

Сладкий урожай у подножия гор

Благоприятный климат и богатая флора Уйгурского ра...

  03.08.2026   164
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.