Вторник, 06 Октября 2026

Алматы облысында 389 ауыл мектебі олимпиадаға қатысады

Алматы облысында 389 ауыл мектебі олимпиадаға қатысады

Алматы облысында жалпы  білім беретін пәндер бойынша аудандық деңгейдегі  олимпиада басталды.  Дарынды оқушылардың сайысына ауыл мектептерінде білім алатын 9-11 сынып оқушылары қатысады,-деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Республика бойынша 85401 оқушы олимпиадаға қатысса, соның ішінде Алматы облысында 8684 бала бақ сынайды. Ауыл мектептерінде оқитын оқушылар арасындағы білім бәсекесі  20-30 қараша аралығында өтеді. 

«Алматы облысынан бүгінгі олимпиадаға 389 ауыл мектебі қатысуда.  Оқушылар 13 пәнен бойынша сынақ тапсырады. Тапсырмаларды тестілеу түрінде орындайды. Аталған білім сайысы балалардың көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді. Барша қатысушы жастарға сәттілік»,-деді Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Елубаева.
 
Дарындылар додасына ең көп өтініш берген аймақ Іле ауданы. Мұнда олимпиадаға қатысуға 2370 бала өтінім берген. Ал өзге аймақтарға келер болсақ, Балқаш ауданы-325, Еңбекшіқазақ ауданы-1202, Жамбыл ауданы-1007, Іле ауданы-2370, Кеген ауданы-339, Қарасай ауданы-1645, Қонаев қаласы-139, Райымбек ауданы-312, Талғар ауданы-832, Ұйғыр ауданынан 513 оқушы олимпиадаға қатысады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, олимпиада үш кезеңнен тұрады.  Оқушылар жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыт негізінде сынақ тапсырады.

Другие новости

Цифровой импульс для школ

Цифровой импульс для школ

Замечали ли вы, как легко современные школьники сп...

  02.10.2026   188
Второе дыхание «Аттиллы»

Второе дыхание «Аттиллы»

Когда-то в двери этого здания жители села Таскарас...

  02.10.2026   249
Маяк инноваций и просвещения

Маяк инноваций и просвещения

Таскарасуская средняя школа Уйгурского района Алма...

  02.10.2026   238
Алматы облысында Президенттік олимпиаданың бірінші кезеңі өтуде

Алматы облысында Президенттік олимпиаданың бірінші кезеңі өтуде

Алматы облысында жаратылыстану-математика циклы пә...

  01.10.2026   201
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.