Четверг, 10 Сентября 2026

25 қазан – Ұлттық мереке Республика күні құтты болсын

25 қазан – Ұлттық мереке Республика күні құтты болсын

Құрметті жерлестер! 25 қазан – Ұлттық мереке Республика күні құтты болсын!

Бүгінде татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың бағындырған белестері, алған асулары жетерлік. Мемлекетіміздің дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты міндетіміз болып табылады.

1990 жылдың 25 қазаны күні Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Құжатта Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси - құқықтық негіздері жарияланып, Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, халықаралық қатынастар дербестігі, мемлекеттік Рәміздері бекітілді. 

Республика күні біздің еліміздің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамдарымыздың жарқын символы! 2022 жылғы қыркүйектегі ҚР Парламенті қабылдаған заңға сәйкес, «25 қазан - Республика күні» ұлттық мерекесі болып қайта белгіленді. Бұл мереке Қазақстан тарихында ерекше маңызға ие айтулы мереке болып қала бермек.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз баянды болсын! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін! 

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы  Қ. Сабырбай.

Другие новости

Духовная опора народа

Духовная опора народа

5 сентября - день языков народа КазахстанаВ Бакбак...

  05.09.2026   341
Открывая другой мир

Открывая другой мир

5 сентября - день языков народа КазахстанаКристина...

  05.09.2026   361
Димаш поделился уникальными кадрами с тазы и скакуном Главы государства

Димаш поделился уникальными кадрами с тазы и скакуном Главы государства

Сегодня, в День казахской тазы, Димаш Кудайберген...

  03.09.2026   312
Сегодня мы впервые отмечаем День казахского тазы и тобета

Сегодня мы впервые отмечаем День казахского тазы и тобета

3 сентября - День казахского тазы и тобетаТазы как...

  03.09.2026   224
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.