Среда, 28 Октября 2026

Отбасы күні: Қазақстанда отбасы құндылықтарын нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр

Отбасы күні: Қазақстанда отбасы құндылықтарын нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр

Биыл Отбасы күні аясында еліміздің барлық өңірінде 12 мыңға жуық адамды қамтыған мыңнан астам іс-шара өткізілді. Отбасылық және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты білімі мен дағдысын арттыруға, балалар мен жастардың денсаулығын нығайтуға, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған тақырыптық акциялар, кездесулер, семинарлар мен ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Отбасы институтын нығайту – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айрықша назарындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл ретте Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының маңызы ерекше. Онда неке заңда белгіленген тәртіппен мемлекет тіркеген ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы ретінде айқындалған.

Сонымен қатар 2024 жылы әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Құжатқа сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіліп, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрі үшін жауапкершілік күшейтілді.

Осы заңнамалық нормаларды іске асыру аясында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, отбасы институтын нығайтуға және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған кешенді шаралар әзірленді.

Отбасыларға көрсетілетін атаулы көмекті күшейту мақсатында Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы жаңғыртылды. Қазір елімізде осындай 160 орталық жұмыс істейді. Алдағы уақытта олардың санын 208-ге жеткізіп, Қазақстанның әрбір ауданы мен қаласында ашу жоспарланып отыр.

2026 жылдың басынан бері Отбасын қолдау орталықтарына 50 мыңнан астам азамат жүгінді. 43 мыңнан астам отбасына консультациялық көмек көрсетіліп, 6 мыңға жуық отбасы ұзақ мерзімді әлеуметтік сүйемелдеуге алынды.

Бұл орталықтар отбасыларға кешенді көмек көрсетіп келеді. Сондай-ақ олар әлеуметтік қатерлердің алдын алуға ықпал етіп, қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға қолдау білдіреді.

Бұдан бөлек, Отбасы және неке институтын сақтау мен нығайту жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп, қабылданды. Құжат ажырасудың алдын алуға, азаматтардың отбасылық өмірге саналы түрде дайындалуына және жауапты ата-ана мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Ата-аналар академиясы» жобасы да жалғасып келеді. Оның мақсаты – отбасы институтын нығайту, ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты білімі мен дағдысын арттыру және жауапты тәрбие мәдениетін қалыптастыру.

2026 жылы жоба аясында еліміз бойынша 40 мыңнан астам адамды қамту жоспарланған. Олардың қатарында ата-аналар, педагогтер және әлеуметтік сала мамандары бар.

Мемлекеттік отбасы саясаты аясында еңбек пен отбасылық міндеттерді қатар алып жүруге қолайлы жағдай жасау шаралары да жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

Мәселен, Мәдениет және ақпарат министрлігі БҰҰ-ның Халықтың қоныстануы саласындағы қорымен бірлесіп, «Отбасына қолайлы жұмыс орны» жобасын жүзеге асырып келеді. Бастама қызметкерлердің отбасылық жағдайы мен міндеттері ескерілетін корпоративтік мәдениетті дамытуға және жұмыс істейтін ата-аналарды қолдауға бағытталған.

2026 жылы мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің өкілдеріне арналған оқыту бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама ұйымдарда отбасылық міндеттерді ескеретін жұмыс тәсілдерін енгізуді көздейді.

Бұл шаралар отбасындағы бірлік пен қолдауды күшейтіп, оның қауіпсіздігі мен әл-ауқатына қамқорлық жасауда мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігін арттыруды көздейді.

Другие новости

«Посадить дерево - лишь начало...»

«Посадить дерево - лишь начало...»

Сорок лет Хамза Мусагалиев посвятил охране и восст...

  25.10.2026   248
От землянок  до современных застав

От землянок до современных застав

Сирена разбудила пограничный отряд ранним утром. Е...

  23.10.2026   258
С любовью к Родине  взрослеют

С любовью к Родине взрослеют

В 16 лет впереди у молодых людей - выбор профессии...

  23.10.2026   259
Уникальное село на земле карасайской

Уникальное село на земле карасайской

В Карасайском районе село Мерей Умтылского сельско...

  23.10.2026   223
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.