Қонаевта қала күні алты күн бойы атап өтіледі
Қонаевта қала күніне орай 21–26 қыркүйек аралығында түрлі мәдени, спорттық, танымдық және қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырылады.
Алты күндік бағдарлама қала тарихын дәріптеуге, жастардың белсенділігін арттыруға, мәдениет пен спортты насихаттауға және туған қалаға деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған.
Мерекелік апталықтың қорытынды күнінде Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі, концерттер, сондай-ақ авто және мотошеру өтеді.






