Четверг, 15 Октября 2026

Алматы облысында 101 құтқарушы оқытылды

Алматы облысында 101 құтқарушы оқытылды

Бүгінгі таңда Алматы облысында құтқарушылар, өрт сөндіруші-құтқарушылар және инспекторлар саны жеткіліксіз. Осы және басқа да мәселелер жөнінде Алматы облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Дінмұхамед Жүнісов өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихат барысында мәлімдеді. 
Айтуынша, штат санының аздығы профилактикалық және құтқару жұмыстарын толық көлемде қамтуға кедергі келтіреді.
- Қазіргі таңда көзделген 86 штаттық бірліктің 77-сі ғана толықтырылған, ал 9 бірлік бос. Бұл біліктілік талаптарына байланысты. Яғни, 3 жылдан аз жұмыс істеген қызметкерлерді бас құтқарушы лауазымына тағайындауға болмайды, - деді азаматтық қорғау капитаны.
Сондай-ақ, Қапшағай су қоймасының жағалауында жеке демалыс аймақтарының қызметіне рұқсат етілген аумақтың ұзындығы 45 км құрайтынын ескере отырып, шомылу маусымының қызған кезеңінде туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 11 мобильді бекет қойылады. Олардың әрқайсысында 2 құтқарушыдан қызмет атқарады. Осылайша, әр бекеттің жауапкершілік аймағы 4 км-ден асады. Қалыптасқан жағдай шомылу маусымы кезінде халық қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді. 
- 2025 жылғы шомылу маусымы кезеңінде (1 маусымнан бүгінгі күнге дейін) облыс аумағында су айдындарында адамдардың қаза болу фактілерінің саны 45-ті құрады. Оның ішінде шомылу кезінде 20 адам қаза болған (шомылу кезіндегі өлім жағдайлары 6 фактіге немесе 42%-ға артқан), оның ішінде 4 бала (балалардың қаза болу жағдайлары 4 фактіге немесе 400%-ға артқан).
2025 жылғы шомылу маусымы кезеңінде (1 маусымнан бүгінгі күнге дейін) облыс аумағында су айдындарында адамдардың қаза болу фактілерінің саны 45-ті құрады. Оның ішінде шомылу кезінде 20 адам қаза болған (шомылу кезіндегі өлім жағдайлары 6 фактіге немесе 42%-ға артқан), оның төртеуі бала (балалардың қаза болу жағдайлары 4 фактіге немесе 400%-ға артқан).
Бұдан бөлек, Департаменттің оқу-жаттығу базасында коммуналдық және жеке жағажайлардың қоғамдық құтқарушыларын даярлау жалғасуда. Дайындық барысында жүзу, құтқару және алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары жетілдіріледі. Осылайша, 2025 жылы 101 қоғамдық құтқарушы оқытылды.

Другие новости

Новый диспетчерский пункт «Казселезащиты»

Новый диспетчерский пункт «Казселезащиты»

В селе Каргалы Жамбылского района Алматинской обла...

  13.10.2026   256
Простые правила безопасности

Простые правила безопасности

В Балхашском районе продолжаются профилактические...

  07.10.2026   697
Отопительный сезон не за горами

Отопительный сезон не за горами

На площадке Региональной службы коммуникаций Алмат...

  10.09.2026   4121
Начеку до первого снега

Начеку до первого снега

С начала пожароопасного сезона в регионе зафиксиро...

  02.09.2026   5346
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.