Четверг, 08 Октября 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Отбасы күнімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Отбасы күнімен құттықтауы

Қымбатты отандастар!

Отбасы күні құтты болсын!

Отбасы – ұлттың бірегей болмысын айқындайтын және мемлекет пен қоғамның дамуына тікелей ықпал ететін айрықша маңызды институт. Әр азаматтың дүниетанымы, адами қасиеттері қастерлі қара шаңырағында қалыптасады. Ана жүрегінің жылуы мен әкенің өрісті өнегесі әр адамды биік мақсаттарға жетелейді. Үлкендердің даналығы мен парасат-пайымы жастарға өмірлік бағдар болады, жанашыр жандардың қолдауы әрдайым күш-қуат береді. Осылайша, біз салт-дәстүріміз бен төл құндылықтарымызды ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, халқымыздың мәдени діңгегін және рухани тұтастығын нығайтып келеміз.

1 шілде күні заңды күшіне енген Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес неке және отбасы, ана, әке мен бала мемлекеттің қорғауында болады. Конституцияда балалардың құқығын, әйел мен ананың отбасындағы рөлін күшейтуге баса назар аударылды. Тұңғыш рет «неке – ер мен әйелдің мемлекет заңға сәйкес тіркеген ерікті және тең құқықты одағы» деген норма көрініс тапты. Сондай-ақ биыл Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институты құрылды.

Бала тәрбиесі мәселесіне зор жауапкершілікпен қарау, өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің маңызды миссиясының бірі. Бұл – адам капиталын нығайтудың, яғни еліміздің әлеуетін арттырудың басты шарты.

Отанға деген сүйіспеншілік сезімі, сондай-ақ заң мен тәртіпке бағынудың, табиғатты аялаудың, қоғамдық орындарда тазалықты сақтаудың, жас буынның бойына халқымыздың озық дәстүрлерін сіңірудің ерекше мән-маңызы, ең алдымен, отбасындағы тәлім-тәрбие арқылы дәріптеледі. Бәріміз осы ортақ міндетке күш жұмылдырсақ, қоғамда өркениетті елдерге тән жаңа этика қалыптастырамыз.

Біз жасампаз ұлт ретінде тарихи өрлеу дәуіріне сеніммен қадам басып, мақсат-міндеттерімізге қол жеткіземіз. Осылайша, әр шаңырағы бақытты өмір сүретін Әділетті Қазақстанды бірге құрамыз. Мен бұған кәміл сенемін.

Барша Қазақстан азаматына зор денсаулық, толайым табыс тілеймін!

Другие новости

Касым-Жомарт Токаев: «Именно школьных учителей, дети учатся быть открытыми, образованными, законопослушными и ответственными гражданами своей страны»

Касым-Жомарт Токаев: «Именно школьных учителей, дети учатся быть открытыми, образованными, законопослушными и ответственными гражданами своей страны»

Глава государства указал на важность воспитания тр...

  05.10.2026   191
Президент:  «Чтение – своеобразный духовный щит, оберегающий молодежь от поверхностных суждений и бесконечного потока информации»

Президент: «Чтение – своеобразный духовный щит, оберегающий молодежь от поверхностных суждений и бесконечного потока информации»

Касым-Жомарт Токаев отдельно остановился на масшта...

  05.10.2026   195
Президент елімізде педагог мамандығын таңдаған жастардың қатары артып келе жатқанын жақсы үрдіске балады

Президент елімізде педагог мамандығын таңдаған жастардың қатары артып келе жатқанын жақсы үрдіске балады

– Биыл 12 мыңнан астам түлек, соның ішінде екі мың...

  05.10.2026   182
Касым-Жомарт Токаев: «За последние 7 лет в стране построено 1342 школы на более чем 1 миллион ученических мест»

Касым-Жомарт Токаев: «За последние 7 лет в стране построено 1342 школы на более чем 1 миллион ученических мест»

По словам Президента, подрастающее поколение, а эт...

  05.10.2026   204
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.