Вторник, 11 Августа 2026

Іле ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды тазалық жұмыстары атқарылды

Іле ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды тазалық жұмыстары атқарылды

Тазалық – тәртіптің, жауапкершіліктің және туған жерге деген құрметтің айқын көрінісі. Осы қағиданы негізге алған Іле ауданының тұрғындары мен мекеме қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында санитарлық тазалық жұмыстарын белсенді жүргізді.

2026 жылғы 25 маусым күні өткен сенбілікке аудан бойынша 2794 адам қатысып, елді мекендер аумағын абаттандыру, қоршаған ортаны қорғау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Тазалық шараларына 23 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 20 гектар аумақ тазартылып, 53 тонна қоқыс шығарылды.

Аудан әкімінің орынбасары Алмас Букенаев атап өткендей, мұндай экологиялық бастамалар тек тазалық жұмыстарымен шектелмей, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға, елді мекендердің көркін жақсартуға бағытталған.

«Таза Қазақстан» – баршаға ортақ бастама. Туған жердің тазалығы мен көркеюі – әр азаматтың үлесі мен жауапкершілігіне байланысты.

Осындай игі шаралар арқылы біз таза, жайлы және қолайлы орта қалыптастырамыз», – деді аудан әкімінің орынбасары.

Іле ауданы «Таза Қазақстан» қағидатын қолдай отырып, абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыра береді.

Другие новости

Реки и прибрежные зоны  должны быть чистыми

Реки и прибрежные зоны должны быть чистыми

Около четырех тонн мусора собрали участники очеред...

  10.08.2026   109
Реки и прибрежные зоны должны быть чистыми

Реки и прибрежные зоны должны быть чистыми

Около четырех тонн мусора собрали участники очеред...

  10.08.2026   108
В приоритете - чистота и порядок

В приоритете - чистота и порядок

 В рамках республиканской экологической прогр...

  10.08.2026   100
Показатель культуры сельчан

Показатель культуры сельчан

Очередная общенациональная экоакция состоялась в К...

  10.08.2026   111
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.