Суббота, 26 Сентября 2026

Заңды біл! Заңды құрметте!

Заңды біл! Заңды құрметте!

Жуырда, аудандық Жастар ресурстық орталығы ғимаратында “Заң мен тәртіп” жобасы аясында “Заңды білетін жас-болашағына сенімді жас” атты танымдық кездесу өтті. 
Іс-шараның негізгі мақсаты- жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Заңға деген құрметті қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдағы әр азаматтың жауапкершілігін түсіндіру. Аталмыш кездесуге арнайы шақырылған қонақтар, аудан әкімінің орынбасары Мұхамеджан Дидар Нұрболұлы, аудандық прокуратураның прокуроры Әбділдә Рыскелді Қалдыбекұлы, аудандық полицияның аға лейтенанты Октябрь Ерұлан Серікболұлы Заң мен тәртіпке қатысты арнайы сөз сөйлеп, аудандағы Заң мен тәртіп ахуалын сөз етті. 
Өз сөзін, Бауыржан Момышұлының “Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз – ел болмайды” деген ғибратты нақылымен бастаған аудан әкімінің орынбасары Дидар Нұрболұлы, ауданымызда темірдей тәртіп орнатып, құқықтық сауаттылықты арттыру қажет деді, өз сөзінде. 
Аудандық прокуратураның прокуроры Рыскелді Қалдыбекұлы аудан көлемінде балалардың жазғы демалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайын тілге тиек етті. Әсіресе, жасөспірімдердің Заңсыз әрекеттерге бармауын жете қадағалау керектігін баса түсіндірді. Оның ішінде, мектеп жасындағы балалардың түнгі уақытта бей-берекет көшеде жүру мәселесін қозғап, ата-аналар тарапынан қадағалауды күшейту қажеттігін айтты. Балаларға Заң құдіреттілігін түсіндіріп, Заңсыз әрекеттердің кесапатын ұғындыру керектігін ерекшелеп өтті. 
Келесі кезекте, сөз кезегін алған Полиция аға лейтенанты Ерұлан Серікболұлы жасөспірімдердің көлік тізгіндеуіне жол бермеу қажеттігін айтты. Сондай-ақ, бүгінгі күннің тағы аса маңызды мәселесі- интернет алаяқтық. Ерұлан Серікболұлы интернет алаяқтыққа ұрынбау жолдары қаншалықты кең насихатталса да, нәтиже көңіл қуантпайтынын айтты, бұл өз кезегінде тұрғындарың құқықтық сауаттығын арттыруды қажет етсе керек-ті. 
Шараның екінші бөлімінде, қатысушылар  келген қонақтарға Заң аясындағы толғандырған сауалдарын қойды, сондай-ақ, қатысушыларға жүргізуші тарапынан сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген жандарға арнайы сыйлықтар таратылды. 

Ақерке БИЖАН

Другие новости

Амнистия для ИП и представителей частной практики

Амнистия для ИП и представителей частной практики

Закон об амнистии 2026 года касается не только гра...

  24.09.2026   273
Политическая ответственность после выборов

Политическая ответственность после выборов

Новая Конституция связывает депутатский мандат с п...

  24.09.2026   277
Когда вопрос касается основ

Когда вопрос касается основ

Новая Конституция различает обычные законы и конст...

  24.09.2026   286
Мандат требует участия

Мандат требует участия

Конституция закрепляет личное голосование депутата...

  24.09.2026   260
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.