Среда, 24 Июня 2026

Іле ауданында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Іле ауданында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Іле ауданында 23 маусым – Қазақстан полициясы күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген полиция қызметкерлері мен ішкі істер органдарының ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің орындалуымен басталды. Іс-шара барысында Іле ауданының әкімі Қайыржан Серікбайұлы Жақсымбетов құқық қорғау органдары қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ауданның қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлестері үшін бірқатар азаматтарды аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

Жиында Іле аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ертіс Еркінұлы Тоқтаров сөз сөйлеп, полиция қызметкерлерін мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып жүрген тәртіп сақшыларына ведомстволық марапаттар мен кезекті арнаулы шендер табысталды.

Іс-шара аясында полиция саласының ардагерлеріне, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жолында адал қызмет етіп жүрген қызметкерлерге және қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне ерекше құрмет көрсетілді.

Мерекелік жиын құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қоғамдағы маңызды рөлін айқындап, олардың ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтаудағы еңбегіне деген ризашылықтың белгісіне айналды.

Іле ауданы әкімдігі барлық полиция қызметкерлері мен ішкі істер органдарының ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жауапты қызметтеріне толағай табыс, мықты денсаулық, отбасыларына амандық пен бақ-береке тіледі.

Другие новости

Прокуратура Алматинской области заблокировала свыше 500 фейковых объявлений

Прокуратура Алматинской области заблокировала свыше 500 фейковых объявлений

В преддверии летнего сезона и школьных каникул воз...

  24.06.2026   85
Алматы облысының прокуратурасы 500-ден астам жалған хабарландыруды бұғаттады

Алматы облысының прокуратурасы 500-ден астам жалған хабарландыруды бұғаттады

Жазғы демалыс маусымы мен мектеп демалысы қарсаңын...

  24.06.2026   92
Іле ауданында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Іле ауданында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Іле ауданында 23 маусым – Қазақстан полициясы күні...

  24.06.2026   99
Новые правила цифровых денег

Новые правила цифровых денег

Криптовалюта все заметнее входит в финансовую жизн...

  24.06.2026   103
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.