Суббота, 26 Сентября 2026

Алматы облысының прокуратурасы 500-ден астам жалған хабарландыруды бұғаттады

Алматы облысының прокуратурасы 500-ден астам жалған хабарландыруды бұғаттады

Жазғы демалыс маусымы мен мектеп демалысы қарсаңында тәуліктік тұрғын үйді жалға беру туралы жалған хабарландыруларды орналастыруға байланысты интернет-алаяқтық фактілері көбейіп келеді.

Алаяқтар пәтерлер мен үйлердің тартымды фотосуреттерін пайдаланып, төмен бағамен хабарландырулар жариялайды. Кейін әртүрлі сылтаулармен алдын ала төлем немесе кепілақы аударуды талап етеді. Ақша қаражатын алғаннан кейін байланысқа шықпай қояды немесе көрсетілген тұрғын үйдің мүлдем жоқ екендігі анықталады.

Ағымдағы жылдың 5 айында республика аумағында болмаған қызметтерді көрсетуге байланысты 1700-ден астам қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның ішінде 130-ы Алматы облысында жасалған.

Осындай қылмыстардың алдын алу мақсатында Алматы облысының прокуратурасы ірі интернет-платформалармен және цифрлық сервистермен өзара іс-қимылды жүйелі түрде жолға қоюда.

Атап айтқанда, Алматы облысының прокуратурасы мен «OLX Group» ЖШС арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында интернет-алаяқтық фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.

Бірлескен іс-шаралардың нәтижесінде тәуліктік тұрғын үйді жалға беру туралы алаң талаптарына сәйкес келмейтін және құқыққа қайшы әрекеттердің белгілері бар 518 хабарландыру анықталып, бұғатталды.

Қазіргі уақытта анықталған барлық хабарландыру авторларына қатысты прокуратураның тапсырмасы бойынша киберполиция қызметкерлері тексеру іс-шараларын жүргізуде.

Жүргізіліп жатқан жұмыс бүгіннің өзінде алаяқтық сипаттағы контентті уақтылы анықтауға, оның таралуын шектеуге және азаматтарды алдаудың ықтимал жағдайларының алдын алуға мүмкіндік беруде.

Алматы облысының прокуратурасы өңір тұрғындары мен қонақтарын интернет арқылы тұрғын үйді брондау кезінде қырағылық танытуға шақырады.

Азаматтардың құқықтарын қорғау және интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Алматы облысы прокуратурасының тұрақты бақылауында және бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Другие новости

Амнистия для ИП и представителей частной практики

Амнистия для ИП и представителей частной практики

Закон об амнистии 2026 года касается не только гра...

  24.09.2026   262
Политическая ответственность после выборов

Политическая ответственность после выборов

Новая Конституция связывает депутатский мандат с п...

  24.09.2026   267
Когда вопрос касается основ

Когда вопрос касается основ

Новая Конституция различает обычные законы и конст...

  24.09.2026   277
Мандат требует участия

Мандат требует участия

Конституция закрепляет личное голосование депутата...

  24.09.2026   252
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.