Суббота, 26 Сентября 2026

Қауіпсіздік – ортақ міндет, жауапкершілік – басты қағида

Қауіпсіздік – ортақ міндет, жауапкершілік – басты қағида

Қауіпсіздік талаптарын сақтау – әрбір әскери қызметшінің басты міндеттерінің бірі. Осы бағытта Қызметтік кинология басқармасының әскери қызметшілерімен жол-көлік оқиғаларының, құқық бұзушылықтардың және жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралары үнемі өткізіліп тұрады.
Іс-шара барысында әскери қызметшілерге жолдағы тәртіптің маңыздылығы, көлік құралдарын пайдалану кезіндегі жауапкершілік және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаудың қажеттілігі түсіндіріледі. Себебі әрбір сақтық шарасы – адам өмірін қорғауға бағытталған маңызды қадам.
Сонымен қатар, жаз мезгіліндегі суға түсу кезіндегі қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылады. Күннің ыстығына байланысты су айдындарында демалу кезінде сақтық шараларын сақтау, тек арнайы белгіленген орындарда шомылу, қауіпсіздік талаптарын орындау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Әскери қызметшілерге арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, жол-көлік оқиғаларының, қауіпсіздік талаптарын елемеудің және судағы абайсыздықтың салдары көрсетіледі. Көрсетілген материалдар қатысушыларға қауіпсіздік ережелерінің қаншалықты маңызды екенін терең түсінуге мүмкіндік береді.
Әскери қызметшілерге күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы түсіндіріліп, әрбір азаматтың өз өмірі мен айналасындағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы қажеттігі айтылады.
Профилактикалық шараның негізгі мақсаты – әскери қызметшілердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, тәртіп пен жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу.
Әрбір адамның сақтығы мен жауапкершілігі – қауіпсіз өмірдің кепілі. Қауіптің алдын алу – оның салдарымен күрескеннен әлдеқайда маңызды.
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – тәртіптің, жауапкершіліктің және азаматтық міндеттің маңызды көрсеткіші.

ҚР ҰҚК ШҚ Қызметтік кинология басқармасы қызметші Д. Мырзагулов.

Другие новости

Амнистия для ИП и представителей частной практики

Амнистия для ИП и представителей частной практики

Закон об амнистии 2026 года касается не только гра...

  24.09.2026   256
Политическая ответственность после выборов

Политическая ответственность после выборов

Новая Конституция связывает депутатский мандат с п...

  24.09.2026   261
Когда вопрос касается основ

Когда вопрос касается основ

Новая Конституция различает обычные законы и конст...

  24.09.2026   272
Мандат требует участия

Мандат требует участия

Конституция закрепляет личное голосование депутата...

  24.09.2026   246
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.