Пятница, 25 Сентября 2026

«Заң мен тәртіп» – құқықтық қоғамның берік негізі

«Заң мен тәртіп» – құқықтық қоғамның берік негізі

Іле ауданында «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында «Заңды білу – заман талабы» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында ішкі саясат бөлімінің маманы жастармен кездесіп, құқықтық сауаттылықты арттырудың, заң талаптарын сақтаудың және қоғамдағы әр азаматтың жауапкершілігінің маңыздылығына тоқталды.

Кездесу кезінде қатысушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасындағы азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріліп, өзара пікір алмасу ұйымдастырылды.

Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық санасын қалыптастыруға, заңға құрметпен қарауға және қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған. Заңды білу және оны сақтау – әрбір азаматтың міндеті әрі қауіпсіз, әділетті қоғам құрудың басты кепілі.

Другие новости

Амнистия для ИП и представителей частной практики

Амнистия для ИП и представителей частной практики

Закон об амнистии 2026 года касается не только гра...

  24.09.2026   249
Политическая ответственность после выборов

Политическая ответственность после выборов

Новая Конституция связывает депутатский мандат с п...

  24.09.2026   255
Когда вопрос касается основ

Когда вопрос касается основ

Новая Конституция различает обычные законы и конст...

  24.09.2026   265
Мандат требует участия

Мандат требует участия

Конституция закрепляет личное голосование депутата...

  24.09.2026   237
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.