Пятница, 25 Сентября 2026

Судағы қауіпсіздік – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі

Судағы қауіпсіздік – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі

Жаз мезгілінің келуімен өзен-көлдер мен су айдындарына демалушылардың саны артады. Аптап ыстықта тұрғындар табиғат аясында тынығып, суға шомылуды жөн көреді. Алайда қауіпсіздік талаптарын сақтамау орны толмас қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Сондықтан судағы қауіпсіздік мәселесі әрбір азамат үшін басты назарда болуы тиіс.

Іле ауданында тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында су айдындарында профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Аудан әкімдігі, төтенше жағдайлар қызметі, полиция және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізіп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар суға түсуге тыйым салынған орындарда бақылау күшейтіліп, қауіпсіздік талаптарын бұзудың алдын алу шаралары қолға алынуда.

Іле ауданы аумағында суға түсуге ресми түрде тек «Первомайские пруды» демалыс аймағында және қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келетін жеке меншік бассейндерде ғана рұқсат етілген. Ал өзендерде, каналдарда, су қоймаларында және басқа да белгіленбеген орындарда суға түсуге қатаң тыйым салынады.

Мұндай талаптар кездейсоқ енгізілген жоқ. Белгіленбеген су айдындарында судың тереңдігі әркелкі, ағысы қатты болуы мүмкін. Су түбінде шұңқырлар, ағаштар, бетон қалдықтары мен басқа да қауіпті заттар кездеседі. Сондықтан мұндай орындар адам өміріне үлкен қауіп төндіреді.

Су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың негізгі себептері – қауіпсіздік ережелерін сақтамау, рұқсат етілмеген орындарда шомылу, мас күйінде суға түсу және балаларды қараусыз қалдыру. Сондықтан әрбір азамат өз өміріне ғана емес, айналасындағылардың қауіпсіздігіне де жауапкершілікпен қарауы қажет.

Іле ауданы әкімінің орынбасары Асқар Садықовтың айтуынша, адам өмірі мен денсаулығын сақтау – баршаға ортақ міндет.

«Жаз мезгілінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Осы бағытта аудан көлемінде тұрақты профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылуда. Дегенмен қауіпсіздік ең алдымен әр адамның өз жауапкершілігінен басталады.

Іле ауданында суға түсуге тек «Первомайские пруды» демалыс аймағында және қауіпсіздік талаптарына сай жұмыс істейтін жеке меншік бассейндерде ғана рұқсат етілген. Қалған барлық өзендерде, каналдарда, су қоймаларында және белгіленбеген орындарда суға түсуге қатаң тыйым салынады.

Әсіресе ата-аналарға үндеу жасағым келеді. Балаларыңыздың қайда жүргенін және немен айналысып жүргенін үнемі бақылауда ұстаңыздар. Оларды ересектердің қарауынсыз өзендерге, каналдарға немесе суға түсуге тыйым салынған орындарға жібермеңіздер. Балалардың өмірі мен қауіпсіздігі – ең алдымен ата-ананың жауапкершілігі.

Барша аудан тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, тек рұқсат етілген орындарда ғана демалуға шақырамын. Қарапайым сақтық шаралары адам өмірін сақтап қалатынын әрдайым есте ұстаған жөн».

Жазғы демалыс тек жағымды әсер мен жақсы көңіл күй сыйлауы үшін әрбір тұрғын қауіпсіздік талаптарын сақтап, өз өмірі мен жақындарының амандығына жауапкершілікпен қарауы қажет. Сақтық – қауіпсіздіктің кепілі, ал қауіпсіздік – адам өмірінің басты құндылығы.

Другие новости

Амнистия для ИП и представителей частной практики

Амнистия для ИП и представителей частной практики

Закон об амнистии 2026 года касается не только гра...

  24.09.2026   249
Политическая ответственность после выборов

Политическая ответственность после выборов

Новая Конституция связывает депутатский мандат с п...

  24.09.2026   255
Когда вопрос касается основ

Когда вопрос касается основ

Новая Конституция различает обычные законы и конст...

  24.09.2026   265
Мандат требует участия

Мандат требует участия

Конституция закрепляет личное голосование депутата...

  24.09.2026   237
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.