Вторник, 11 Августа 2026

ІЛЕ АУДАНЫНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА КОНСТИТУЦИЯ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ІЛЕ АУДАНЫНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА КОНСТИТУЦИЯ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Іле аудандық әкімдігінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қазақстан Республикасының Конституциясының талаптарын түсіндіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған маңызды кездесу өтті.

Жиынға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрсұлтан Ақылбекұлы Сейдалиев, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Қазыбек Нұрсеитұлы Дауталиев, сондай-ақ аудан әкімдігі мен мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Кездесу барысында Конституцияда айқындалған заң үстемдігі, әділеттілік, адам құқықтарын қорғау және мемлекеттік басқарудың ашықтығы қағидаттарының маңызы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби этикасын сақтау, халыққа сапалы қызмет көрсету және мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін күшейту мәселелері қозғалды.

Іс-шарада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды. Спикерлер адалдық, ашықтық және заңдылық қағидаттарын берік ұстанудың, қызметтік әдеп нормаларын сақтаудың және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ қолданыстағы заңнамадағы өзгерістер түсіндіріліп, құқық бұзушылықтардың алдын алу тетіктері жан-жақты талқыланды.

Кездесу соңында мемлекеттік қызметшілер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мамандар тарапынан нақты жауаптар мен тәжірибелік түсіндірмелер алды.

Осындай кездесулер мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, заң үстемдігін нығайтуға және қоғамда адалдық пен әділдік құндылықтарын орнықтыруға бағытталған маңызды диалог алаңы болып табылады.

Другие новости

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ

2026 жылғы 7–8 тамыз аралығында Іле ауданындағы Бо...

  11.08.2026   79
КОНСТИТУЦИЯ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

КОНСТИТУЦИЯ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Қазақстан Республикасының Конституциясы – елімізді...

  11.08.2026   102
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ

Жол қауіпсіздігі – азаматтардың өмірі мен денсаулы...

  11.08.2026   93
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚАУІПСІЗ ӘРІ ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚАУІПСІЗ ӘРІ ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

Заң мен тәртіп – қоғамдағы тұрақтылық пен азаматта...

  11.08.2026   95
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.