Пятница, 25 Сентября 2026

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛДІ

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛДІ

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Алматы облысы Іле ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері өрт қауіпті кезеңде қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында аудан аумағындағы шаруа қожалықтарында профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Іс-шара барысында мамандар шаруа қожалықтарының иелері мен қызметкерлеріне өрттің алдын алу шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті. Сондай-ақ егістік алқаптарында, шөп сақтау орындарында және ауыл шаруашылығы техникаларын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау, ашық отты абайлап қолдану, жанғыш қалдықтарды өртемеу және алғашқы өрт сөндіру құралдарының жарамдылығын тұрақты бақылауда ұстау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында азаматтарға өрт шыққан жағдайда дереу «101» немесе «112» нөміріне хабарлау қажеттігі түсіндіріліп, өрт қауіпсіздігі бойынша жадынамалар таратылды.

Мұндай профилактикалық іс-шаралардың негізгі мақсаты – өрттердің алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту. Іле ауданында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы түсіндіру және алдын алу жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

Другие новости

Амнистия для ИП и представителей частной практики

Амнистия для ИП и представителей частной практики

Закон об амнистии 2026 года касается не только гра...

  24.09.2026   161
Политическая ответственность после выборов

Политическая ответственность после выборов

Новая Конституция связывает депутатский мандат с п...

  24.09.2026   175
Когда вопрос касается основ

Когда вопрос касается основ

Новая Конституция различает обычные законы и конст...

  24.09.2026   180
Мандат требует участия

Мандат требует участия

Конституция закрепляет личное голосование депутата...

  24.09.2026   173
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.